Саакашвили: Назарбаевпен Ресейге ұнамаса да араласып тұрдық

Malim Админ

  • 25.06.2020

Грузияның экс-президенті, Украинаның реформа жөніндегі атқарушы комитеттің төрағасы Михаил СААКАШВИЛИ Дмитро ГОРДОНҒА сұхбат берді.

Саясаткер бұл сұхбатында әлемдік державалардың басшылары және ТМД елдерінің президенттері жайлы айтты. Саясатта жүріп араласқан кіші Джорд БУШ, Барак ОБАМА, Дональд ТРАМПТАР туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Владимир ПУТИН, Дмитрий МЕДВЕДЕВ, Режеп Тайып ЕРДОҒАН, Виктор ЯНУКОВИЧКЕ мінездеме берді.

«Путинмен қырық сағаттай уақыт сөйлескен кезім болды. Ол бірде-бір ТМД елдерінің басшыларымен дебатқа түскен емес. Тек менімен түсетін. Бірде мен ұшақпен ұштым. Ол араға аз ғана уақыт салып соны қайталады. Мен қара теңізге түстім. Ол да теңіз суына шомылды. Формула-2 қатысатын автомашинаны айдап ем, Путин тағы да мені қайталады. Бұндай кездейсоқтық болмайды ғой. Путин шешімдерді аяқасты қабылдай алмайды. Қиын кезде бункерге барып тығылады. Қазір коронавирус кезінде сөйтіп жатыр. Рейтингі түсіп барады. Путин көшенің рэкеті», - деді М. Саакашвили.

Журналист Дмитро Гордон Орталық Азия президенттері жайлы да сұрады.

– Назарбаев сізді жақсы көрді ғой?

– Ол кісіде аталық мінез болды. Мен президенттіктен кеткенен кейін де ұзақ уақыт араласып тұрдық. Әрине, Ресейге ұнамаса да.

– Сапармұрат Ниязовпен араластыңыз ба?

– ТМД елдерінің самитінде Түркменбашы өзінің министрлерін  төрт аяқтап тұрғызып қойып кәмпит жегізгені бар. Өте өкінішті оқиға. Кейін олардың барлығын түрмеге отырғызып тастады. Тек қана өзінің тіс дәрігері, Денсаулық сақтау министріне ғана тиген жоқ. Кейін ол жаңа түркменбасшы болды. Инагурацияға бардым. Сол кезде Ниязовтың нөмірінде жаттым. Алтын жалатылған туалетін көрдім. Оның машинасына отырып көрдім.  

Сондай-ақ, Саакашвили «Медведев қандай еді?» деген журналист сұрағына да жауап берді.

«Медведевтің фамилиясы Медведев болғанымен ол «жәндік» ғой. Табиғатынан құл. Мен оны алғаш рет көргенде Джорд Бушқа деген махаббатын айтып, ант су ішті. Мен бұл сөзіңізді қоңырау шалып өзіне айтыңыз дедім», – деп жауап қатты украниналық саясаткер.

Фото: gazeta.ru

Байланысты жаналықтар

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

07.05.2024

Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

10.04.2024
MalimBlocks
Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

Ол ел Конституциясына қолын қойып, халқына ант берді.

Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

Оның пікірінше, ағынды сулар реттелсе, Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.