Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

Malim Админ

  • 02.02.2021

Мәскеудегі сот "Ив Роше" ісі бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың  шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру туралы шешім шығарды.

Cот Навальныйдың 3,5 жыл шартты жазасын түрме жазасына ауыстыруға  үкім етті.  Бірақ судья Навальныйдың тергеу кезінде үйқамақта отырған мерзімін есепке алды. "Ив Роше" ісі 2014 жылы қаралғандықтан, сол уақытта үйқамақтағы бір күн колониядағы бір күнге теңестірілді. Осылайша Навальныйдың шартты жазасы 2 жыл 8 айға түрме жазасына ауыстырылып, сот Навальный жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді деген шешім шығарды.

Бұған дейін Қылмыстық жазаны атқару федералды қызметі саясаткерді «шартты жаза тәртібін бұзды» деп айыптап, сотқа шағымданған.  Навальный сотта бұл уақытта Германияда емделіп жатқанын айтқанымен, судья оны назарға алмады. Навальный Ресейге келмей тұрғанда бұл іс бойынша жаза мерзімі 30 желтоқсан күні аяқталды деп мәлімдеген.

Сотқа Еуропаның 20 шақты мемлекетінің дипломаттары қатысты. Сотқа Навальныйды қолдауға келген 350 жақтасы ұсталды.

Навальный мен оның адвокаты он күн ішінде апелляциялық арыз түсіре алады.

Алексей Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда қайтып оралған. Ол “Навичокпен” уланғаннан кейін бірнеше ай Берлинде ем алған. Оны полиция Мәскеу әуежайында ұстап, кейіннен саясаткер сот шешімімен 30 күнге қамалған. Алексей Навальный қамалғанан кейін, Жемқорлықпен күрес фонды «Дворец для Путина» зерттеу фильмін жариялаған. Оны бір аптаның ішінде 100 миллионнан аса адам көрген.

Навальныйдың жақтастары қаңтардың 23-і мен 31-і күндері жаппай наразылық акциясына шыққан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, митингтер Ресейдің 120-ға жуық қаласында болған. Полиция мен арнайы жасақ мыңдаған адамды ұстаған.

"Ив Роше" ісі 2012 жылы басталды. Ресейдің тергеу комитеті "Ив Роше Восток" компаниясының бас директоры Бруно Лепрудің арызы бойынша Алексей Навальный мен оның ағасы Олег Навальныйдың үстінен іс қозғады. Тергеу Навальныйлар "Главподписка" компаниясы арқылы "Ив Рошеге" қызмет көрсетіп, 55 миллион доллар шығын келтірді деген айып тақты. Кейін "Ив Роше" арызынан бас тартып, Навальныйлар ешқандай шығын келтірмегенін мәлімдеді. Сот Алексей Навальныйды 3,5 жылға шартты жазаға, Олег Навальныйды 3,5 жылға түрме жазасына кескен болатын.

2017 жылы Алексей Навальный бұл іс бойынша Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағым түсірді. Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сот үкімді негізсіз деп тауып, Навальныйларға Ресей 76 мың еуро және 460 мың рубль өтемақы төлеуі керек деген шешім шығарды.

Байланысты жаналықтар

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

11.05.2024
MalimBlocks
Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

Қайғылы оқиғадан барлығы 7 адам өлген