«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

Ол сот отырысына  қатыса алмайды

Malim Админ

  • 23.01.2023

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің анасы Гиули Аласания ұлының жағдайы туралы айтты. Гиули Тбилисидегі емханаға  барған. Бұл туралы  «Грузия-Онлайн» басылымы жазды.  

Аласания М.Саакашвилидің жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. «Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалды. Қабырғалары көрініп тұр, іші мүлдем жоқ, омыртқасы көрініп тұр» - деді ол.

Гиули Аласания ұлының дүйсенбідегі сот отырысына  қатыса алмайтынын айтты.  «Ол сотқа қатыса алмайды, көмекші құралдардың көмегімен қозғалады. Сондай әлсіреп қалған, тіпті олармен бірге жүре де алмайды», - деді Аласания.

Айта кетейік, Михаил Саакашвили Грузияда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мамырдан бастап Саакашвили Тбилисидегі «Вивамед» клиникасында жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Грузияның экс-президенті Саакашвили жатқан аурухана палатасынан видео жарияланған. 

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

16.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай заңдарға қол қойды?

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.