Татарларға енді тәуелсіздік жоқ...

  • 21.10.2021

«Татарстанда енді президент болмайды. Мұның татар халқы үшін қаупі қандай?» деген тақырыппен Azattyq.ogr  мақала жариялады.

«Ресейде Мемлекеттік дума депутаттары жаңа заң жобасын қарап жатыр. Құжатта Ресей құрамындағы аймақтардың бәрін «аймақ басшысы» басқаратыны айтылған. ...Заң қабылданса, президент, губернатор, мэр және басқа да титулдар жойылады. Оның орнына Ресейдегі 83 аймақтың, оның ішінде Ресей оккупациялаған Қырым облысы мен Севастополь қаласының басшысы «аймақ басшысы» деп аталады» деп жазады мақала авторы Роберт Коалсон.

Жалпы, Татарстанда 4 миллионға жуық халық тұрады. Ал әлем бойынша татарлардың саны 7 миллионға жетіп жығылады.

Татарлар – Ресейде орыстардан кейін ең көп тараған этникалық топ.

«1992 жылғы наурызда Совет одағы құлағаннан 3 ай өткен соң Татарстан «Ресей Федерациясы және басқа да республикалармен тең қарым-қатынас құра алатын егемен ел» деп танылды. Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин аймаққа қарата «қанша жұта алса, сонша егемендік алсын» деп айтқан» деп өткенді еске салады Роберт Коалсон.

Алайда, 1990 жылы Жоғарғы кеңес мінберінен Татарстан егемендігінің декларациясы оқылғанымен, «қанша егемендік алғысы келсе, алсын!» деп тұрған тұста, татарлардың саяси элитасы сол кездегі президенттері, марқұм Минтимер Шаймиевтің абайлап басу саясатына алданып, уақыттарын текке өткізіп алғандай.

Кең қолтық Ельциннің орнына Путин келгелі Ресейде, оның ішінде Татарстанға қатысты федерализм қатты әлсіреді. Қулығына, саяси әккілігіне құрық бойламайтындай көрінген М.Шаймиев те қартайып, қолындағы тізгінді Кремельге ұстатып кеткендей.

Енді міне, арада оншақты жыл өткенде Путиннің мына бастамасына Татарстанда қарсы тұрарлық элита, тұлға қалмағандай.

«Президент лауазымынсыз республика республика болудан қалады. Елтаңба, әнұран немесе тудың қажеті болмайды. Татарстанды қолдайтын адамдарда қуғындағы белсенділерге қосылудан басқа жол қалмайды. Бірақ, шынымды айтсам, жұрттың көбі бұған алаңдайды деп ойламаймын» депті Лондонда тұрып жатқан, кезінде саяси белсенділігі үшін түрмеге қамалған Рафис Кашапов Азаттыққа.

Қазан мемлекеттік университетінің саясаттану профессоры Мидхат Фарукшин Татарстанға федерализм эрозиясына қарсы тұру тым кеш дегенмен келісе кетіпті.  Оның сөзінше, 2002 жылы жаңа Конституцияны қабылдау қазіргі жағдайдың алғышарты болған. Онда егемендікті шектеп, аймақтағы билікті бөлу тетіктері бекітілген.

«Татарстан бұған тағы да көнеді. Кішігірім митингтер болатын шығар. Бірақ қазіргі оқиғаға әсер етуге белсенділердің шамасы жетпейді. 2002 жылы Татарстан үшін ең қауіпті кезең болды. Ал бүгінгі оқиға – соның салдары ғана. Президент лауазымы жойылады, оны Ресейдің саясаты өзгерген жағдайда ғана қайтарып алуға болады» депті ол.

Фото: Сергей Гунеев/РИА Новости

 

Байланысты жаналықтар

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

09.04.2024

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

03.04.2024
MalimBlocks
Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға ұшқышсыз ұшақтар Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.