Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

Президент еліміздің бірқатар өңірінде болған алапат тасқынға қарсы күресте сарбаздардың алдыңғы шептен табылып, антқа адал болудың озық үлгісін көрсеткеніне тоқталды.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті.

Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды. Мемлекет Қарулы Күштерді жабдықтап, әскери инфрақұрылымды дамыту мәселесін айрықша назарда ұстайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде болған алапат тасқынға қарсы күресте сарбаздардың алдыңғы шептен табылып, антқа адал болудың озық үлгісін көрсеткеніне тоқталды.

Осы орайда мен әскери ұшқыштардың кәсіби тұрғыдан білікті және шебер әрекетін ерекше атап өткім келеді. Олар зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық жүк жеткізді. Азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді. Соның бәрін мінсіз атқарды. Осындай қиын-қыстау кезде халықпен бірге болған сарбаздарға зор ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

16.05.2024

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

16.05.2024

Президент Мәдиевке бірқатар міндет жүктеді

14.05.2024

Президент Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді

14.05.2024

Президент Аида Балаеваға бірқатар тапсырма берді

13.05.2024

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2024
MalimBlocks
Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты.

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

Ауғанстанда күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр.

Президент Мәдиевке бірқатар міндет жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.

Президент Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді

Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған.

Президент Аида Балаеваға бірқатар тапсырма берді

Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді нақты міндет жүктеді.

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Тоқаевтың айтуынша, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.