Түркі мемлекеттерінің ұйымы бірқатар мәселеге басымдық бермек

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек

Malim Админ

  • 03.11.2023

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр.  Бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруды көздейтін ауқымды жиында президенттер бірқатар уағдаластыққа жасасып, іргелі бастамаларды ортаға салуда.  Саммит аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түбі бір түркі елдерінің өзара ынтымағын жоғары бағалап, одан әрі бекемдей түсуге үндеді.

«Өздеріңізге мәлім, осы күнге дейін біраз шаруа атқарылды. Нақты жетістіктеріміз бар. Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазіргі уақытта толыққанды, беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі-2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы — бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керектігін жеткізді.   Бұл ретте Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі екенін де баса айтты. 

«Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері — Түркі мемлекеттері ұйымы. Түркі ықпалдастығын тереңдету — ортақ мұрат. Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі», - деді Тоқаев.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанмен әріптестікті жалғау үшін бірнеше ұсыныс жасады. Айталық, бауырлас елдерді өзара виза байланысын жетілдіруге үндеді.  Себебі, түркі мемлекеттері аясындағы көлік және инфрақұрылым бағытындағы жобалар өте маңызды.

«Баку-Тбилиси-Жейхан шикі мұнай құбыры, табиғи газ құбыры, ТрансАнатолия құбыры, осының бәрі – біздің ынтымақтастығымыздың үлгісі. Каспидің табиғи газын Еуропа мен Түркияға тасымалдау жалғасады. Бұл жоба Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі мен түркі мемлекеттерінің гүлденуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар біз көлік желілеріне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Осыны ескере отырып, біз өзіміздің ортақ Каспий-Батыс-Шығыс дәлізін дамытуға басымдық береміз. Біз сауда мен көлік байланыстарына кедергі келтіретін олқылықтарды азайтуымыз керек. Яғни, виза процестерін жеңілдетіп, кедендік кедергілерді шешуіміз керек», - деді Режеп Тайип Ердоған.  Сондай-ақ, ортақ әліпби мәселесі туралы пікір білдірді. Осы бағытта біздің Жоғары білім кеңесі арнайы ұсыныстарын ұйым хатшылығына айтты. Ол ұсыныстар жоғары бағаланады деп үміттенеміз», - деді Түркия президенті.

Айта кетейік,  енді Қазақстан осы айтулы ұйымға төрағалық етеді.  Осы орайда Тоқаев  өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беретінін жеткізді. Түркі бірлігін таныту үшін салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy) атты сегіз мәселеге басымдық берілмек. Бұл басымдықтар ұйымның 20-шы саммитіне дейінгі он жылды қамтитын қысқа және орта мерзімге арналады. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

20.05.2024

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024
MalimBlocks
Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.