Ұлттық катастрофа: Қазақстандағы балалар кедейлігі

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.05.2021

Қазақстанда жастар мәселесі тәуелсіздік алған 30 жылда күрделенбесе шешілген жоқ. Осы уақытқа дейін БАҚ-та оқыған, білімді жастардың елден кетіп жатқаны жөнінде, елде қалғандарының үйсіз, жұмыссыз жүргені жөнінде сан мәрте жазылды, айтылды, көрсетілді. Бірақ бұның барлығы үлкен проблеменің бір ұшы ғана. Бүгін біз Қазақстандағы  балалар кедейлігі мәселесіне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

2020 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 17 жасқа дейінгі балалар саны 6 миллион 110 мың 156  адам. Бұл ел халқының шамамен 31 пайызы. ЮНИСЕФ есебі бойыша, олардың 1 миллионға жуығы (15% немесе 916 мыңы) әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өсуде. Яғни, Қазақстандағы әрбір 6-шы бала кедей деген сөз. Кедей отбасылардың 90 пайызы көпбалалы. Ел бойынша 400 мың көпбалалы отбасы бар. Балалар кедейлігі әсіресе Түркістан (13,8%), Шығыс Қазақстан (11,3%) және Солтүстік Қазақстан (10, 09%) облыстарында өршіп тұр.

Бұған қоса, 2020 жылы Қазақстанда бір ғана асыраушысы бар (әкесі немесе анасы) 520 мың отбасы бар екені белгілі болды. Оның ішінде 452 730 отбасында балаларды тек аналарғы ғана асыраса, 68 256 отбасында балаларды жалғыз басты әкелер тәрбиелеуде. 25 077 мың жалғыз ғана асыраушысы бар отбасы көпбалалы. Бұндай отбасыларда 18 жасқа толмаған 644  670 бала өсуде.

Жоғарыда көрсетілген цифрлар жәй ғана сандар емес, ол ұлттық катастрофа. Саясаттанушы Досым Сәтпаев кедей отбасында тәрбиеленіп жатқан 1 миллионға жуық баланы «жоғалған ұрпақ» дейді. Оның сөзінше, Қазақстанның жағдайында кедейлік құрсауынан шығу өте қиын. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.

«6 миллион баланың 1 миллионы кедей отбасында өсіп жатыр. Бұл  үлкен катастрофа. Неге? Себебі кедейлік ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалы білім ала алмау, өмір сүру деңгейінің төмендігі, денсаулықтың нашарлы адамға болашақта өзін-өзі дамытуға мүмкіндік бермейді. Яғни, кедей отбасындағы балалардың көпшілігі мына жүйеде бұл құрсаудан шыға алмайды. Бұның арты неге алып келеді? Бұдан «жоғалған ұрпақ» пайда болады. Қазір біз жаңа «жоғалған ұрпақтың» жасақталып жатқанын көріп отырмыз», - дейді Сәтпаев.

Саясаттанушының сөзінше, «жоғалған ұрпақ» толқыны болашақта Араб көктеміндегідей алаңға шығып, билікті төңкеріп тастауы мүмкін.

«Араб көктемі нені көрсетті? Дәл осы «жоғалған ұрпақ» алаңға шықты. Себебі олардың жоғалтатын еш нәрсесі болған жоқ. Шықты да, барлығын төңкеріп тастады. Сол уақытқа дейін тұрақты деп айтылып келген Каддафи, Мубарак режимдерін төңкеріп тастады», - дейді Сәтпбаев.

 

Байланысты жаналықтар

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

16.05.2024
MalimBlocks
Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

Полиция шүғыл іздестіріп жатыр

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

Ауғанстанда күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр.