Жириновскийдің қайтыс болғаны рас па?

Ресейлік Дума депутаты Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 25.03.2022

Ресейлік сенатор Александр Пронюшкин Владимир Жириновскийдің өлімі туралы ақпаратты РИАНовостиге айтқан. Алайда Дума төрағасы Вячеслав Володин бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жириновскийдің тірі екенін жазды. Осыдан кейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі депутаттың жағдайы бірқалыпты екенін және дәрігерлер бақылап отырғанын хабарлады.

Ақпан айының басында Жириновскийдің коронавирус салдарынан жағдайы нашарлап, комаға түскені белгілі болған. Наурыз айының ортасында оның хәлі мүшкіл деген ақпарат тараған.

Владимир Жириновский Ресейдегі ірі партия ЛДПР-дың төрағасы болып, алты рет ел президенттігіне сайлауға түсіп, бір рет Медведевтен, екі рет Ельциннен, үш рет Путиннен жеңілген. 1993 жылдан бері Ресей Жоғарғы Думасының депутаты болып келеді.

Ол 1946 жылы Алматы маңындағы ауылдардың бірінде дүниеге келіп, Қазақстанда орта білім алып, балалық шағын өткізген. Алайда ол Ресей Думасына енгеннен бері өзі туған ел жайлы "Қазақстан деген мемлекет жоқ", "Қазақстанның солтүстігі Ресейге тиесілі" деген мағынадағы пікір айтып келген. Оның Қазақстанда Жириновский атына көше аты берілуі керек деген пікірінен кейін қазақстандық жастар қоқыс жәшіктеріне Жириновский есімін берген. Ол тек қазақ халқына қатысты емес, грузин, әзірбайжан, қырғыз, шешен және тағы басқа ұлттарға қатысты негативті пікірлер айтып, басы дауға қалған.

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.