103 долларға баспана: Астанада 45 адам қаржы пирамидасына алданған

Жалпы залал сомасы - 107 млн теңгеден астам.

Malim Админ

  • 15.03.2024

Астанада «Best Road Investment» қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

«Қаржы пирамиданың шартына сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын салу керек. Одан кейін артынан екі салымшыны тартып, әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс болған», - делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, компания 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табысын, сондай-ақ тұрғын үй алмаған. Жалпы залал сомасы - 107 млн теңгеден астам.

Сот үкімімен ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға  бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметті атқару құқығынан айырылды.

Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

 

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

13.05.2024
MalimBlocks
Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Өзбекстаннан тарихи Отанына оралған боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді