178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

Malim Админ

  • 04.08.2020

Алматы әкімдігінің туризм басқармасы 178 571 428 теңгеге қалада 20 дәретхана салмақ. "Қалалық дизайн кодына сәйкес дәретхана модульдерін дайындау және орнату бойынша жұмыстарға" туризм басқармасы осымен үшінші мәрте тендер жариялап отыр.

20 дәретхана модулі Достық даңғылы, хайуанаттар бағы, орталық мешіт, арбат, қуыршақ театры, Астана алаңы, Бутаковка, Үлкен Алматы көлі, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры сияқты қаланың айшықты жерлерінде салынуы керек. Конкурс түрінде өтіп жатқан тендерге өтініштер 5 тамызға дейін қабылданады.

Жұмыстың техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, дәретхананың шатыры жабын сэндвич панелдерден, қабырғасы сэндвич панельдерден жасалуы шарт.  Тікбұрышты және шаршы қималы металл құбырлардың (қалыңдығы 12 мм кем емес) тасымалдау мүмкіндігі бар жиналмалы-алмалы-салмалы қаңқасы болуы тиіс. Дәретхана жауын, қар, тұман мен  10 балдық жер сілкінісіне шыдай алатындай  болуы керек.

Дәретханаларда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабина, қысы-жазы суды қыздыратын бойлер, қабырғалық электроконвектор, кондиционер, жөргектеу үстелшесі болуы керек. Мұндай дәретхананың әрқайсысына бюджеттен шамамен 9 миллионға жуық ақша кетпек.

Алайда әкімдік қала орталығында 20 дәретхана модулін дайындап, орнататын компанияны үш айдан бері таппай жүр. Өйткені бұл тендер бірінші рет 22 мамырда жарияланған. Алайда конкурсқа бір ғана "Айза company" компаниясы қатысып, оның өзі тәжірибесі жоқ болғандықтан, конкурстан өтпей қалған. Екінші рет тендер 26 маусымда жарияланды. Алайда ол жолы да алдыңғы тендерден өтпей қалған "Айза company" ғана қатысып, конкурстан тағы сүрінді. Осылайша, әкімдік дәретхана тұрғызу тендерін осымен үшінші мәрте жариялап отыр.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.