Абай облысында тағы да өрт

Абай облысына қарасты  Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртеніп жатыр.

Malim Админ

  • 03.07.2023

Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде кеше күндізгі сағат 11 шамасында қамыс өртене бастаған.  Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектарға жетіп отыр.  

Абай облысы бойынша ТЖ департаментінің хабарламасында «Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту талап етілмейді» делінген.

Бірақ осыдан бір ай бұрын ғана «Семей орман» резерватындағы болған алапат өртті де алғашында аймақтағы өрт сөндірушілер мен орманшылар өз күшімен сөндіруге әрекет етіп, орман шаруашылығының 14 жұмысшысы қайтыс болғаннан кейін ғана барлық күш жұмылдырылып от ауыздықталған болатын.  Сол кезде тілсіз жаудың алдын алуда шарасыздық танытқан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, тоғыз жыл Шығыс Қазақстанды басқарған Даниал Ахметов қызметтен кетті. Бір жыл бұрын құрылған Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады.

«Семей орманының» өрт шарпыған аймағы 60 мың гектар жерді құрайды. Мұндағы табиғи байлықты қалпына келтіру үшін кемінде 30-40 жыл дейді мамандар. Семей орманы бойынша қазір қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Осы қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаған, осындай қайғылы оқиғалар мен азаматтардың қаза болуына әкеп соққан барлық лауазымды адамдар іске тіркелген. 

Биыл қамыс екінші рет өртеніп отыр. Бір апта бұрын ғана Алматы облысы Іле-Балқаш резерватында шамамен 6200 гектар қамыс өртеніп кеткен болатын.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

07.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.