Алматыда жер дауы басылмай тұр

Malim Админ

  • 05.03.2021

Соңғы бірнеше айдан бері Алматыда жер дауы шықса болды, экс-әкім Бауыржан Байбектің аты аталатын болды. Университеттен бастап, базарға дейінгі аралықтағы жер дауында Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші орынбасарының есімін есту дәстүрге айналды. Осыған байланысты Бауыржан Байбектің қатысы бар делінген жер дауына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Бауыржан Байбектің төңірегіндегі жер дауы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен басталды. Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ-та ҚазҰУ жерінің бір бөлігі Бауыржан Байбек әкім болып тұрған уақытта (2017 жылы) жекенің қолына өткіп кеткені жөнінде ақпарат тарады. Кейіннен жер телімдерінің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың бірінің иелігіне өткені белгілі болды. Бұл әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланғаннан кейін университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов қызметінен кетіп, оның орнына Жансейіт Түймебаев келді.

ҚазҰУ төңірегіндегі дау басылмай жатып тағы бір ұлттық университеттен шу шықты. Бұл жолы даудың басы Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің Орталық саябаққа тиесілі 4 гектар жерге жатақхана салу жоспарынан басталды. Құрылысқа қарсы қала тұрғындары университет алдында нарзылық акциясына шықты. Наразы халықпен кездесуде университет проректоры Ғабит Дулатов «саябаққа тиесілі жерге жатақхана салуға рұқсатты 2018 жылы сол уақытта қала әкімі болған Бауыржан Байбектің бергенін» айтты. Белсенділер саябақтың «бұрынғы аумағы 120 гектар болғанын, қазір 42 гектар ғана жер қалғанын, жатақхана ретінде салынатын нысан болашақта коммерциялық мақсатта пайдаланылады» деген уәж айтып, құрылысқа қарсылықтарын білдірді.

Бауыржан Байбекке қатысы бар дау бұнымен аяқталған жоқ. Күні кеше Рахат (барахолка) базарының 250-ге жуық жұмысшы кәсіпкері наразылық акциясына шығып, базардың жабылмауын талап етті. Бұл жерде де даудың соңы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарына барып тірелген. «Азаттық» радиосының зерттеуінде «әкімдіктің 2018 жылы базар тұрған жерді ТКМ компаниясына пайдалануға беруден бас тартып, оны «»Almaty CPS» ЖШС-ға 2024 жылға дейін жалға бергені туралы, тиісті қаулығы Бауыржан Байбектің қол қойғаны» жөнінде айтылады. Бұдан бөлек, зерттеуде жерді алған компанияның сол кездегі иесі Саламат Ахметовтың Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің (2015 жылы «Wood Art» компаниясында) бизнес серіктесі болған деп көрсетілген. Өз кезегінде Қыдырғали Байбек Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған.

Экс-әкім мен билік партиясы барлық дауды жинап-жинап бір-ақ жауап берейін деді ме, жоқ әлде бұл мәселеден бейхабар ма, бізге белгісіз. Әйтеуір, осыншама дауға қарамастан «Nur Otan» партиясы да, Бауыржан Байбектің өзі де әлі күнге дейін халықтың алдына шығып, түсініктеме берген жоқ...

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

12.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

Оны полиция ұстап әкеткен