Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

Рейсті тоқтатып тастаған

Malim Админ

  • 26.02.2023

Елорда әуежайында жолаушылар FlyArystan рейсінің бірнеше сағатқа кешіктірілуіне байланысты наразылық білдірді.

Жолаушылардың айтуынша, Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы Астана-Шымкент рейсімен 25 ақпанда таңғы 5:40-та ұшуы тиіс болған. Біраз уақыттан кейін жолаушыларға SMS арқылы рейс мүлде тоқтатылғанын хабарлаған.

Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті пікір білдірді.

«Астана – Шымкент КС-7307 рейсі «айрбас-А320» әуе кемесімен ұшу сағат 05.40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты  рейстің ұшуы кейінге қалдырылды, одан кейін тоқтатылды. Рейстің тоқтатылғаны  туралы  жолаушыларға жолаушыларға хабарлама жіберілді», - делінген ААК хабарламасында.   

Комитет ауа-райына байланысты рейс 10 сағатқа кешіктірілді деп мәлімдеген. Ал басқа авиакомпаниялардың ұшақтары жарты сағаттан кейін ұшып кеткен.

Құзырлы мекеме күту кезінде жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратуды ұйымдастырдық деп сендірді. Сонымен қатар, барлық өтініш білдіргендерге билеттер құнын толық қайтарылатынын жеткізген.

«Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қосымша тексеру жүргізеді, авиакомпания тарапынан заң бұзушылық  анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

16.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

Жұрт шетелдіктерді қатаң жазалауды талап етті

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.