Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

Malim Админ

  • 25.07.2023

Астана қаласының жаңа оқу жылына әзірлігі пысықталып жатыр.  Қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы шаһар мектептерін аралап, дайындық барысына көз жеткізді. Ол №53 мектеп-лицейі,   №7 және  №51 мектеп-гимназияларына жүргізіліп  жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын назарға алды. 

Дәл осы уақытта Астанадағы жеті білім ошағында жөндеу жұмыстары қарқын алған. Жоспарға сәйкес, кешенді жұмыс тамыз айының соңында тәмамдалады. Сонымен қатар, биыл жыл аяқталғанша қалада 5 мектеп жаңадан, 6 жапсарластыра бой көтеретін мекеп есігін айқара ашпақ. Осылайша, сегіз мыңнан астам оқушыға жайлы білім алуға мүмкіндік туады.

Мегаполисте шешімін табуға тиіс проблемалар әлі де бар.  Соның бірі мектептердегі жойылмай тұрған орын тапшылығы.  Жалпы шаһарда 164 мектеп тіркелген болса, қазір сол білім мекемелерінде 236 000  шәкірті тәлім алып жатыр.  Алайда, жыл өткен сайын ауыл-аймақтан үлкен қалаға үдере көшкен халық көп. Сәйкесінше мегаполисте оқушы саны еселене түсуде.  Қазіргі статистиканы сөйлетер болсақ, 8 мектепте оқушылар үш ауысыммен білім алуда. Ал 18 білім ордасында бала саны тіпті көбейіп кеткен.  Осы түйткілді оңтайлы шешу үшін қала әкімдігі 11 мектептің құрылысын жедел түрде жүргізіп келеді. Білім ошақтары уақытылы бой көтеріп, ел игілігіне берілер болса 15 мың 700 ұл-қыз емін-еркін, алаңсыз оқуын оқуға мүмкіндік алады.  Бір қуаныштысы, 11 мектептің төртеуі биылдан қалмай қолданысқа берілгелі отыр.  

Астана  қаласы Білім басқармасының өкілі Нариман Еламановтың айтуынша, уақыт өткен сайын астана мектептерінде оқитын оқушылар 20 мыңға еселеніп отыр. Яғни, бұл 1200 мұғалім мен 10 білім ошағының қажеттілігін тудыратын көрсеткіш. Мәселен, елорда бойынша алдымыздағы оқу жылында 28 мыңға тарта оқушы мектеп табалдырығын аттамақ.

Айта кетуге тиіспіз, мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бастау алғаны мәлім. Соның аясында бас қалада 24 жоғары деңгейлі, озық, заманауи мектептің негізі қаланады. Нәтижесінде 90 мыңға тарта шәкірт сапалы біліммен толықтай қамтылады. Жалпы, 2025 жылға дейін «Жайлы мектептер» 100 мың оқушыны қабылдайтыны айтылды.

«Жайлы мектеп» жобасы барысында халық тығыз шоғырланған Нұра және Есіл аудандарында 15 мектеп жас өрендердің игілігіне берілмек. Атап айтқанда, «Хан-Шатырдың» маңында аталмыш  бағдарлама негізінде үш  мектеп салу көзделген.  Білім беру мекемелері  12 000 оқушыны  екі ауысыммен оқытуға  жол ашады.    

Білім ордалары қаланың барлық аудандарын қамтымақ. Мысалы, Есіл, Байқоңыр, Алматы аудандарында 9 мектеп салынып, биылғы оқу маусымында шәкірт қабылдайды.

Сонымен қатар Астанада алдымыздағы екі жыл ішінде 30 балабақша салынып, бүлдіршіндерді қуантады деп күтілуде. Сондай-ақ, 15 балаларға білім мен тәрбие беретін заманауи орталық бой көтереді.          

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.