COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

Malim Админ

  • 17.06.2020

Бас қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда маусым айынан бастап күнде 500 адам ауруханаға түсіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір екінші адамда пневмония.

"Жылдың басынан бері орташа есеппен ауруханаға пневмониясы бар 5 адам түсіп отырса, маусымнан бастап күніне 500 адамнан түсіп жатыр, әрбір екінші науқастың өкпесі қабынған. Оның 90-ының жағдайы ауыр немесе орташа ауыр", - деді Сәуле Қисықова онлайн брифингіде.

Бүгінгі дерек бойынша, жұқпалы аурулар және провизорлық стационарда жатқан науқастардың саны – 1711 адам. Олардың 80-і жансақтау бөлімінде. Ал бас қалада ауру белгісі бар 2951 науқас тіркелген. Бұл статистикаға кірмеген 774 адам - ауру белгісі жоқ тасымалдаушылар.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров болса, қаладағы ауруханаларға күн сайын жүзден астам науқас түсетінін мәлімдеді. Ол бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде жазды.  "Қаладағы жағдай шынында күрделі. Денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес. Біздің елден қаржыландыруы он есе артық дамыған мемлекеттерде де ресурстар жетпей жатыр. Аурулардың саны артып жатыр. Соңғы күндері ауруханаларға жүзден астам адамнан түсіп жатыр. Ауруханадарда орташа есеппен 200-300 орын бар, демек, бәрін сыйдыру үшін үш күн сайын жұқпалы аурудар стационарын ашып отыру керек. Әрине, бұл мүмкін емес. Бүгінде коронавирус дертімен түскендерді 10 аурухана қабылдап жатыр. 1300-ден астам адам ем алып жатыр. Қолдағы бар аурухананы коронавирус індетін емдейтін орынға айналдыруға болмайды. Күн сайын қалада 2500 шұғыл шақырту болады. Мәселе ауруханадағы бос орында ғана емес, коронавирус індетін жұқтырғандармен жұмыс істейтін дәрігерлер бригадасы туралы сөз болып отыр. Өкінішке қарай, жағдайы ауыр және орташа науқастарды ғана ауруханаға жатқызуға мәжбүрміз", - дейді К.Надыров.

Алматыда ауру белгісі бар 3182 науқас тіркелді. Бұл статистикаға кірмеген 907 адам ауру белгісі жоқ вирустың тасымалдаушылары.

Бүгінде ел бойынша коронавирус инфекциясын 15 542 адам жұқтырған. 9716 адам аурудан айықты. 88 адам вирустан көз жұмды.

Фото: Pavlodarnews

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.