Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

  • 05.10.2022
А.Көлгінов / Фото: informburo.kz

Қазақстанда ауасы ең лас қала қай қала? Қазгидромет өткен аптада (27 қыркүйек-3 қазан) Қазақстанның қалаларының ауасын тексеріпті.

Нәтижесінде, Астана қаласы ең ауасы лас қала ретінде аталыпты. Жеті күн ішінде Астананың ауасы бекітілген концентрациядан 1 318 мәрте асып кеткен. Қазгидромет, тіпті, қаланың ауасы ең лас көшесін де анықтапты – Дулат Бабатайұлы.

Екінші орында Астананың көршісі – Қарағанды қаласы. Ауаның ластану көрсеткіші Астанадан үш есе аз бұл қалада мөлшерден асу – 521 мәрте қайталанған.

Үшінші орынды Алматы қаласы түйіндейді. Бұл қаланың көрсеткіші Астанадан 11 есеге жуық аз. Алматыдағы ең ауасы лас аудан ретінде Түркісіб ауданы аталыпты.  

Ал, ең таза қала ретінде Шымкент пен Ақтөбе көш бастап тұр. Қазгидромет таратқан мәлімет бойынша, өткен аптада шамадан тыс экстремалды ластану болмаған. Сарапшылар Астана ауасының соншама көп ластануының себебін көліктің көптігінен және ескірген транспорт паркінен көреді.

Ел астанасының ауасы қатты ластанып, қысты күндері қап-қара түтін басқан кездер болған. Өзінен кейінгі екінші, үшінші орындардағы қалалардан соншама есе ұзап кеткен Көлгінов Астана қаласының ауасын тазарту үшін мекемелер мен үйлерді газға қосып жатқанын кеше ғана айтқан. Одан бұрын электроавтобустар сатып алам деген. Саябақтарды көптеп ашу керек деген. Көп уақыттан бері экологтардың тұрақты проблемасына айналған Талдыкөлдің орнына эко-саябақ ашам деп те уәде берген. Сірә, сөзден іске көшпесе, басқасы басқа, Ақорда орналасқан қаланың бұл күйі Астана мэріне жақсы ат әпермесі анық.

2021 жылы Швейцарияның IQAir бақылау тобы ұсынған рейтингте Қазақстан ауасы ең ластанған елдердің қатарына кірген. Еліміз әлемдегі ауаның ластануы бойынша 23-орында тұрғаны айтылған.

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.