Мемлекеттік қызметкерлер казиноға 507 млн теңге ұтқызған 

Қаржы министрлігі қомақты қаржыны ойынға тіккен  қызметкерлерін жұмыстан шығарған жоқ,- деп хабарлайды Курсив сайты.

Malim Админ

  • 30.06.2023

Қазақстанның Қаржы министрлігі Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, құмар ойындарға 25 миллион теңге жұмсаған 25 қызметкерді жұмыстан босатпағанын хабарлады. Қонаевтың ойынханасына Қаржы министрлігін қоса алғанда, әртүрлі ведомстволардың шенеуніктері барлығы 507 миллион теңге жұмсаған.

Қаржы министрлігі қызметкерлеріне қандай жаза тағайындады: ойынханаға барғандары анықталғанға дейін жеті қызметкер өздері жұмыстан кеткен; үшеуі тәртіптік жазаға тартылды, бесеуі мерзімнің өтуіне байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, үшеуі басқарма қызметкері емес, ал жеті қызметкер Қаржы министрлігінің мәліметінше, құмар ойын ойнамаған.

Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұмысшылар арасында өз еркімен жұмыстан кеткендер де, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар да бар екенін айтты. Оның айтуынша, әрбір қызметкермен қызметтік тексеру жүргізіліп, содан кейін ғана шешім қабылданған.

2022 жылдың қазан айында Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың 300-ден астам шенеуніктері Қонаевтың ойынханасына 507 миллион теңге жұмсаған. Шығындарды Алматы облысының прокуратурасы анықтады.

*Астана қаласы әкімдігінің қызметкері Е.С. Абдуалтиевтың ресми жылдық табысы шамамен 10 миллион теңге бірақ казиноға 54 рет барып, 53 миллион теңге жұмсаған.

*Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкері Е.А. Назаров жылдық табысы 7,9 миллион теңге  екі рет казиноға барғанда 3,2 миллион теңге жұмсаған.  

* Алматы облысында бір жылдық табысы 3 миллион теңгені құрайтын шенеунік А.Өмірбекұлы 33 миллион теңгені казиноға ұтқызған.

Жалпы, прокуратураның мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғалары 97 миллион теңге, Қорғаныс министрлігі 95 миллион теңге, Қаржы министрлігі – 25 млн теңге. Басқа мемлекеттік органдардың ішінде: Жоғарғы Сот – 7 млн ​​теңге, Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн теңге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн теңге, әкімдіктер – 36 млн теңге, басқа мемлекеттік органдар – 27 млн ​​теңге казиноға салған.

Қаржы министрлігін есептемегенде қандай ведомстволардың қызметкерлері жазаланды:

Қорғаныс министрлігі ойынханада ойнағаны үшін 11 адамды жұмыстан шығарды, ал қалғандарына сөгіс жарияланып, лауазымы төмендетілді;

Ішкі істер министрлігі ойынханада ойнағаны үшін 88 адамның 17-сін жұмыстан шығарды, қалғандары тәртіптік жазаға тартылды;

Антикор бұл ақпараттың расталмағанын мәлімдесе, Жоғарғы сот жеті қызметкерінің ойын мекемелеріне барды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Байланысты жаналықтар

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

20.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Мемлекеттік сатып алу саласында не өзгерді?

18.05.2024

Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

15.05.2024

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

14.05.2024

Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

14.05.2024
MalimBlocks
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Мемлекеттік сатып алу саласында не өзгерді?

Қаржы министрлігі соңғы өзгерістерді түсіндіріп берді

Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сонымен қатар тиісті орган жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректерін де анықтады.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

Жоғарғы сот істі қайта қарады.

Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Кінәлілер жауапқа тартылды.