Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

Malim Админ

  • 13.06.2023

 Ұлттық, қоғамдық маңыздағы мерекелер елдің мәдениетін дамытумен қатар, халықтың рухани құндылықтарын жаңғыртатыны белгілі. Соңғы уақыттары әр түрлі сипаттағы айтулы күндер көбейді.  Бұған дейін кең ауқымда аталып өтілетін бір ғана ұлттық мереке 16 желтоқсан Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күні болса, оның қатарына былтыр Республика күні қосылды.  25 қазан 1995 жылы президент жарлығымен ұлттық мереке есебінде жарияланғаны белгілі.   Арада алты жыл өткеннен кейін, нақтырақ айтқанда 2001 жылы «қазақстан республикасындағы мерекелер туралы» заң қабылданып, Республика күні мемлекеттік мерекеге айналды.    2009 жылы атаулы мереке күшін жойғаны мәлім.  2022 жылы ел тарихындағы аса маңызды дата қайта жаңғырып, мемлекеттің басты мерекелерінің бірі ретінде тойлана бастады.  Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайда президент Қ.Тоқаев Республика күнінің маңызына тоқталып, оған Ұлттық  мәртебесін қайтарғаны белгілі.  Ұлытау жерінде  өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы  елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы Республика күнінен  бастау алатынын баса айтқаны есте. Осылайша,  Тәуелсіздік күнінің бастапқы маңызын сақтай отыра,  азаттық алуға зор ықпал-әсер еткен атаулы датаны  тағзым күні ретінде атап өтуді ұсынғаны оң шешім болды.  

Біріншіден, 1990 жылы 25 қазан күні  еліміздің Мемлекеттік Егемендігі жөніндегі  Декларация қабылданды. Қазақстан бостандық таңын атырып,  Тәуелсіздік алуға алғаш рет  қадам  жасады.    Екіншіден, құнды құжатта  мемлекет аумағының тұтастығы, қазақ халқының және өзге де  этностардың мәдениетін, тілін, ділін, қайта түлету сынды негізгі  қағидаттар бекітілді. Үшіншіден, декларацияда  экономикалық,  саяси және әлеуметтік мәселелерді өздігінен шешу принципі жүзеге асты. Төртіншіден, бұл күн мемлекеттік мәртебеден шығып,  ұлттық мереке қатарына қосылды. Айтулы  мереке азаттықты  нығайтып, дәріптеуге  серпін береді.

Бұқараны  бір арнаға тоғыстыратын ортақ құндылықтарды кең көлемде дәріптеп, ұлт санасына  берік орнық­тыру маңызды.   Мәселен, бағзы ғасырлардан бізге жеткен  Наурыз мейрамын атап өту тұжырым­дамасын нықтап, мәнді мерекесінің мазмұнын одан ары байыта түскен абзал. Ынтымақпен ұйысу үшін   біртұтастықтың орыны терең. 

Жалпы, ұлыстың ұлы күнін жаңа мәнерде  тойлауға осыған дейін бірнеше рет талпыныс жасалды. Соның әсерімен,  еліміздің кейбір аймақтары мерекені  14 наурыздан,  Амалдан бастауды жөн санады.   Айталық, оңтүстік өңірлер оны қатарынан 9 күн атап өтіп көрді. Бұл тәжірибе  бүкіл Қа­зақ­­станға таралып жатыр. 

«Отан отбасынан басталады» деген қағидағы сүйенсек, шаңырақ бірлігін нығайтатын себептердің бірі – әулет адамдарының бірге уақыт өткеруі,  ортақ қуанышты бірге бөлісуі екендігі айқын. Осы ретте еліміздегі мерекелік күндер санатына қос мейрам қосылды. Биылдан бастап мамыр айының екінші жексенбісінде «Аналар күні»,   маусымның үшінші жексенбісінде «Әкелер күні» аталып өтілмек.    Бұл даталар  халықаралық бекітілген күндерге сәйкес тойланады. 

Сондай-ақ, биыл мамыр айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі  кәсіби мерекелер тізімінің жаңартылған нұсқасын халық назарына ұсынды.   Былтыр 4 қарашада 17 мамыр күні  ұйымдастырылатын  Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнінің атауы Байланыс қызметкерлері күніне ауысты.

Қазір елімізде  орман шаруашылығы қызметкері күні,  малшылар күні, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні,  ауыл шаруашылығы,  балық шаруашылығы қызметкерлері күні секілді кәсіби мерекелер тойланады. Алайда,   ветеринария бағытындағы қызметкерлердің дербес  кәсіби мерекелерін тойлау  мүмкіндігі жоқ.  Сондықтан, олар  бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің қажет  екендігін сезінбейтін.  Сол себепті, 10 шілде – ветеринария қызметкерлері күні болып күнтізбеге енгізілді.   

Бүгінде еліміздегі  барлық салада нақты өзгерістер жасалып жатыр.     Бұл ретте  ұлттық һәм мемлекеттік идеяны дәріптеуде  мемлекеттік мерекелер мен айтулы  күндердің мәні терең екені белгілі. Әділетті  Қазақстанның болашағын бекемдейтін ұлттық-тарихи мерекелердің атқаратын қызметі  зор. Қазақстанның  қоғамды біртұтас ететін  функциясының ең басты нышаны мерекелерді ұлттық рухта өткізу.  

     

Байланысты жаналықтар

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Қазақстанда байланыс қызметкерлері неге мерекелерді ұнатпайды

17.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024
MalimBlocks
Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Қазақстанда байланыс қызметкерлері неге мерекелерді ұнатпайды

Kcell компаниясының нағыз патриоты

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?