Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 20.05.2021

Алматыдағы шаңғы трамплині төңірегіндегі дау басылмай тұр. Кешенді салған мердігер «Дан-Строй» АҚ, «Тол-Құрылыс» ЖШС және «Соната-В» компанияларының өкілдері Алматы қаласының әкімдігі бірнеше жылдан бері тиісті ақшаларын бермей келе жатқанын айтады.

«Дан-Строй» АҚ және «Тол-Құрылыс» ЖШС өкілі Жандос Иманқұловтың сөзінше, компания 2015  жылдан бері әкімдіктен істелген жұмыстарының ақшасын ала алмай келеді. 

«2014-2015 жылдары біз К-60, К-40 және К-20 үш трамплинін салдық. Ол трамплиндердің барлығының ақшасы төленді. Үшінші кезеңдегі спортзал және т.б ақша болмай, біз сала алмаймыз дедік. Содан қалалық әкімшілікке консервацияға жабайық немесе күзеттің ақшасын төлеңіздер деп өтініш хат жаздық. Бірақ олар консервацияға да жапқан жоқ, күзеттің де ақшасын төлеген жоқ. Кейіннен «өзіміз инвестор табамыз, сосын істеген ақшаларыңды толығымен қайтарып береміз» деді. Инвесторға сатты. Олар бір екі-үш ай 40 миллиондай төледі. Қалғаны «жабулы қазақ жабулы күйінде қалды». Содан бері біз ақшамызды ала алмай жүрміз», - дейді Иманқұлов.

Жандос Иманқұловтың айтуынша, қалалық әкімдік компанияға 3 миллиард 265 миллион теңге қарыз.

«Әкімшіліктің компанияға жалпы қарызы 3 миллиард 265 миллион теңге. 2015-2016 жылдан бері қарызды жөнінде жіберілген хаттар да бар», - дейді ол.

«Дан-Строй» АҚ және «Тол-Құрылыс» ЖШС өкілі Әбдіразақ Байболатовтың сөзінше, қаржы министрлігі 2016 жылы әкімдіктің қарызы бар екенін құжат жүзінде мойындаған. Бірақ қазір әкімдік трамплинге байланысты ешқандай қарыз жоқ дейді.

«Қазір әкімшілік ешқандай қарызымыз жоқ деп отыр. Бірақ шын мәнінде әкімдіктің 3 миллиард 265 миллион 300 мың теңге қарыз екені жөнінде құжаттар бар... 2016 жылы Қаржы министрлігі біздің сұрауымызға (әкімдіктің – ред) қарыздары бар екенін мойындап жауап берген», - дейді Байболатов.

Әбдразақ Байболатовтың сөзінше, 2016 жылы сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары Сұлтанбек Макежанов келіп, универсияда уақытында шу шығармауларын сұрап, жалынған. Барлық мәселе осыдан кейін басталған.

«2016 жылдың қараша айында трамплиннің өзіне барып, 2017 жылы универсияданы өткізбейміз деп брифинг жасадық. Сол күні бірден прокуратурадан, еңбек инспекциясынан және әкімшіліктен адамдар келді. Сөйтті де компания бұғаттап тастады. Макежанов Сұлтанбек ол кезде Бауыржан Байбектің орынбасары болатын. Ол бізді шақырып алып, «2017 жылы қалада универсияда болады, сендер миллиардтарды көтермеңдер, жұмысшыларыңның ақшасын үш айда шешіп беремін» деді. Содан концерт басталды...», - дейді Байболатов.

«Дан-Строй» АҚ және «Тол-Құрылыс» ЖШС қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. Компания өкілдері «үкімет ақша бермегендіктен компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды» дейді. Ал Алматы қаласының әкімдігі бұған дейін «компанияның қазіргі статусы істі шешуге кедергі болып отырғанын және мәселе қала әкімінің бақылауында екенін» айтқан.

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

12.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

Оны полиция ұстап әкеткен