Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

“Атамекен” ұлтттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұл істі қарап жатқан прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық режимде өткізуге өтініш берген.

Malim Админ

  • 22.01.2024

-Жоғарғы соттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі,-деді сот отырысында прокурор.

Судья процесті фото, видеоға түсіруге тыйым салған.
Айта кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда ұсталған еді. Оның ісі 21 желтоқсанда сотқа жетті болатын.

Антикор Мырзахметовті алаяқтық және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінгені туралы ақпарат таратқан еді.

Көп кешікпей Антикор Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма: Антикор жауап берді

15.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма: Антикор жауап берді

Ол 30 сәуірде қызметінен босатылды.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.