Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

Есенжол Елекенов

  • 16.10.2023

Оның айтуынша, ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін осы университетке 55 млн теңге бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек болған.
-Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған, - дейді Дархан Дүйсембаев.
Ол прокуратураның тапсырмасымен бұл істі экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатырғанын айтты.
Malim.kz тілшісі Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің баспасөз қызметіне хабарласып, күдікке ілінген ғылыми қызметкерлерге қатысты, олардың аты-жөнін сұраған. Алайда баспасөз қызметі әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты.
Батыс Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаменті де қандай да бір мәлімет бермеді.

Байланысты жаналықтар

Медицина университеті ректорының үйінен екі үстел ақша табылды

31.05.2024

Антикор спорт саласындағы жүйелі жемқорлық туралы мәлімдеді

30.05.2024

Қостанай облысында ҚТЖ филиалының басшылары жемқорлықпен сотталды

27.05.2024

«Айнагүл байланысқа шықты»: Оралда із-түзсіз жоғалған әйел табылды

22.05.2024

Құлсары мен Оралдағы митингтерге қатысқандар ұсталған жоқ – ІІМ

22.05.2024

Оралда көпірде БТР мен полиция көлігі соқтығысты (ВИДЕО)

15.05.2024
MalimBlocks
Медицина университеті ректорының үйінен екі үстел ақша табылды

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған

Антикор спорт саласындағы жүйелі жемқорлық туралы мәлімдеді

Қостанай облысында ҚТЖ филиалының басшылары жемқорлықпен сотталды

Cотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

«Айнагүл байланысқа шықты»: Оралда із-түзсіз жоғалған әйел табылды

Еске сала кетсек, Айнагүл жоғалған кезде оның күйеуі бір апта оны іздемеген.

Құлсары мен Оралдағы митингтерге қатысқандар ұсталған жоқ – ІІМ

Бұған дейін Құлсары мен Орал тұрғындары биліктен суға кеткен үйлерінің өтемақысын беруді талап еткенін жазған болатынбыз.

Оралда көпірде БТР мен полиция көлігі соқтығысты (ВИДЕО)

Полиция инспекторының жол апатына кінәлі екені анықталды.