Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 65 жастағы ер адамды алып шықты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында тұрғын үйден өрт шығып, ер адам үйде ес-түссіз жатып қалған. Құтқарушылар оны қауіпті аумақтан алып шығып, жасанды деп беріп, құтқарып қалған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 21.04.2022

Оқиға 19 сәуір күні болған. Түнгі сағат 23:50 шамасында Хромтау ауданының №20 өрт сөндіру бөлімінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бірінші қабатта орналасқан үйдің жиһаздары жанған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер улы газ әсерінен есінен танып қалған 65 жастағы пәтер иесін  құтқарып, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Олар ер адамды аман алып қалғаннан кейін медицина қызметкерлері келіп, ауруханаға алып кеткен.

Сонымен қатар, тұрғын үйден баспалдақ маршшы арқылы 20 адам, оның ішінде 8 баланы эвакуацияланды. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі елде өртке қауіпті кезеңнің басталғанын хабарлаған болатын. Өрт тек қала ортасында ғана емес, далада, тауда, орманда да болуы мүмкін. Оттың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.

Өрттердің пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, оқ атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағай, электр сымдарының қиылуы.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Петропавлда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті су астынан табылды

13.05.2024

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

07.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

«Үйді бөліскісі келмеген»: Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

03.05.2024

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Петропавлда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті су астынан табылды

Мәйітті сүңгуірлер тапқан.

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

«Үйді бөліскісі келмеген»: Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні болған.

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.