Қытайда өмір бойына қамауға алынған Ақжарқын елге орала ма? - Адвокаты жауап берді

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбай тура биыл елге оралады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Malim.kz тілшісіне оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 16.05.2022

Айта кетейік, бүгін бірнеше ақпарат көзінде «Сегіз жыл Қытайда қамауда отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай биыл елге оралады» деген ақпарат тараған болатын.

«Істі қайта қарау күні де, оның елге оралу мерзімі де белгісіз», - деді адвокат.

Ақжарқынның елге оралуы бірнеше процесстен тұрады. Алдымен, сот оған шығарылған үкімді қайта қарауы керек. Қазір ол Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Егер сот осы шешімді өзгертіп, оны белгілі бір мерзімде қамауға алу туралы үкім шығарса, Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша экстрадициялауды бастауға болады. Екіншіден, Қазақстан Бас прокуратурасына оны елге қайтару туралы өтініш түсуі керек. Адвокат бұл өтінішті 2016 жылы жазған. Үшіншіден, Қазақстан Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп, елге қайтару туралы қытай тарапымен өзара келіссөздер жүргізеді. Алайда шешімді қайта қарау туралы соттың қашан өтетіні әлі күнге белгісіз.

Сот кінәлі деп тапқан азаматтарды екі елдің бір-біріне қайтаруы туралы келісімге Қазақстан мен Қытай 2015 жылдың 30 қыркүйегінде қол қайған. Айта кетейік, әлемнің көптеген елдері Қытаймен мұндай келісімге келе алмаған.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың 9 наурызында Қытайда «есірткі тасымалдады» деген күдікпен қамауға алынып, 2019 жылы өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Дәл сол жылы Қытайға ресми сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тарапын гуманизмге шақырып, Ақжарқынды отанына қайтаруға ықпал етуді сұраған. Сыртқы істер министрлігі де бірнеше мәрте Ақжарқынды елге қайтару туралы өтініштер берген. Ол біздің консулдықтың көмегімен отбасымен байланысып отырады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

20.05.2024

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024
MalimBlocks
Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен