Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

Malim Админ

  • 22.03.2024

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.

Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

Атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ. Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

«Тым еркінсіп кетпесін деп...»: Ресейлік файтер Қуат Хамитовқа жауап берді

06.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

30.04.2024

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

30.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024
MalimBlocks
«Тым еркінсіп кетпесін деп...»: Ресейлік файтер Қуат Хамитовқа жауап берді

Жекпе-жек 11 мамырда Екатеринбургте өтетін RCC 19 турнирі аясында болады.

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Қала әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.