Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер 26 аумақта дала өртін сөндіріп жатыр

Шығыс Қазақстанда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір тәулік ішінде өңір бойынша 26 дала өрті тіркелген. Көп жағдайда өрт ашық алаңда, саяжайлар маңында болды. Өрттің шығу себебі – азаматтардың отты абайсыз қолдануынан болып отыр.

Ақниет Аманжолқызы

  • 30.04.2022

«Құтқарушылар Алтай ауданындағы жалпы ауданы 28 гектар, Көкпекті ауданындағы 25 гектар, Үржар ауданындағы 20 гектар және Тарбағатай ауданындағы 20 гектар аумақтағы шөп пен қамысты шарпыған өртті ауыздықтады. Ғарыштан жасалатын мониторингтің көмегімен департамент қызметкерлері биыл 222 термонүктені анықтады. Осының нәтижесінде, сол жерлерде өрттің ары қарай таралуына жол берілмей, дереу сөндірілді», - деп хабар таратты ведомство өкілдері.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында да өрт шыққан. Жалпы ауданы 50 гектарға жеткен қызыл жалынды өшіруге 149 адам мен 2 тікұшақ тартылды.

Облыстағы Көкпекті ауданында өрт сөндірушілер «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығындағы 100 гектарға жайылған қызыл жалынмен күресіп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығында бұта мен шөп өртенген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау лезде жан-жаққа жайылып кеткен.

«Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер сол жерде жалынмен күресіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша от 100 гектар аумақты шарпыған. Өртті ауыздықтауға құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар тартылды. Барлығы 50 адам мен 9 техника жұмылдырылған» , - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Облыста тілсіз жаудың алдын алу үшін құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полицейлер кіретін мобильді топтар құрылған. Жыл басынан бері олар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, шөп өртегені үшін 11 адамды жауапқа тартты. Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері – 336 930 теңгені құрайды.

Осы жағдайларды ескере отырып, өңірлік төтенше жағдайлар департаменті дала өртінің алдын алу ережелерін ескертеді.

Дала өрттерінің негізгі себебі – антропогендік факторлар. Өте сирек жағдайда найзағай және басқа да табиғи факторлар себеп болады. Жалпы табиғи өрттердің негізгі кінәсі – адамның жұмыс және демалыс кезінде отты пайдаланудағы немқұрайлылығы. Өрттің көпшілігі табиғат аясында демалу орындарында, аң аулау кезінде лақтырылған сіріңкеден, сөндірілмеген темекіден басталады. Орманның бөтелкелер мен шыны сынықтарына қаншалықты толы екенін жиі көреміз. Шуақты күндері бұл фрагменттер күн сәулелерін отты линзалар ретінде бағыттайды. Осылайша лақтырылған бөтелке сынықтары да өрт шығуына себепші болуы мүмкін. Толық сөндірілмеген өрт одан әрі үлкен апаттарға әкелуі мүмкін. Орман алқаптарына жақын орналасқан елді мекендер ең үлкен өрт қаупіне ұшырайды. Құрғақ желді ауа-райында орман немесе дала өрті құрылымдарға таралуы мүмкін.

Орман және дала өртінің пайда болуын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің бірқатар ережелерін сақтау қажет: Аса қажет болмаса от жақпаңыз! Егер от жағу аса қажет болса, топырақты құрғақ шөптерден, бұтақтардан оңай тазартатын орынды таңдаңыз. Оттың айналасындағы таза жер жолағы ені 0,5 метрден 1 метрге дейін болатындай етіп от астындағы орынды қазып алыңыз. Өзендердің, көлдердің құмды жағалаулары, орман жолдары, таза арықтар от жағу үшін қаупі аз жер болып саналады. Пайдаланып болғаннан кейін жалын топырақпен мұқият жабылуы керек немесе бықсуы толығымен тоқтағанша су құйылуы керек. Құрғақ және желді ауа-райында от жағуға жол берілмейді; жанып тұрған сіріңкелерді, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз, олардың сөнгеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз өрт аймағында болсаңыз, желдің бағытын және оттың таралуын анықтаңыз. Қауіпті аймақтан тек қозғалыс бағытына перпендикуляр шығыңыз; өртті басып озбаңыз, оттегі жетіспеушілігін жеңу үшін жерге еңкейіңіз, дымқыл орамал немесе суланған киім арқылы дем алыңыз. Егер өрттен құтылу мүмкін болмаса, жақын маңдағы су көздерін тауып (өзен, көл, канал, арық т.б.), толығымен суға кіріп тұрыңыз. Өрттің орны, мөлшері мен сипаты туралы өртке қарсы қызметке, елді-мекен әкімшілігіне немесе орман шаруашылығына хабарлаңыз.

Байланысты жаналықтар

Қатонқарағайда туристік бағыт көпірі опырылды

18.05.2024

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Шығыс Қазақстан облысында көпірді су шайып кетті

15.05.2024

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

07.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024
MalimBlocks
Қатонқарағайда туристік бағыт көпірі опырылды

Енді туристік бағыттардың біріне жол жабық

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында көпірді су шайып кетті

Толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген. 

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.