Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

Malim Админ

  • 01.08.2023

Әкімдік алдына таңертеңнен бастап жиналған наразылар Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың суреттерін алаң шетіндегі орындыққа тізіп қойып, плакат ұстап тұрды.

- Оқ атуға бұйрық берген жедел штаб қайда? Бізге жауап берсін. Бәрімізге балаларымыздың өлімі жұмбақ. Баламды алаңда атты ма, жертөлеге алып барып ұрып өлтіріп, атты ма? Әлі күнге баламның киімі қайда екенін білмеймін. Балам қайда қайтыс болды, неге жауап бермейді? - деді марқұм Бағлан Шәріпбайдың анасы Әйкен Қалықұлова.

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қала әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, дүрбелең кезінде жұмыс істеген еді.

Наразыларға қала әкімдігінің қызметкерлері келіп, жиынға рұқсатсыз шыққандарын, тоқтатпаса әкімшілік шара қолданылатынын ескертті. Бірақ жиналғандар әкімдік алдындағы алаңға көрпе-төсек әкеліп алды. Талаптары орындалмаса үш күн түнеп, әрі қарай Астанаға жолға шығып, президент Тоқаевқа баратынын мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша Шымкентте Қаңтар оқиғасында 20 адам оққа ұшқан. Өлгендердің әрбірі бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен кейін қысқартылған. 120-дан астам адам ауруханаға түсіп, оның 73-іне оқ тиген.

Байланысты жаналықтар

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Баласын пышақтап өлтірген шымкенттік ер адам мәжбүрлеп емделетін болды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

15.05.2024

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

14.05.2024

ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

14.05.2024
MalimBlocks
Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Баласын пышақтап өлтірген шымкенттік ер адам мәжбүрлеп емделетін болды

Мас халде өз үйінде туған ұлымен жеке бас араздықтың салдарынан пайда болған ерегіс кезінде асханалық пышақпен баласына бірнеше рет жарақат салған.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.

ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.