Шыққанына 20 жылдан асқан. Қазақстандағы әрбір екінші көлік ескірген

Бұл тек ресми тіркелгендері ғана

Malim Админ

  • 14.03.2023

Отандық автодилерлер биыл қаңтардың өзінде 10 мың жаңа көлік сатқан. Қазақстан автобизнес қауымдастығы бұл былтырғы қаңтар айындағы сатылымнан 2,5 есе көп деп есептеп отыр. Десе де, сала мамандары елімізде тіркелген әрбір екінші көліктің қолданылғанына 20 жылдан асып кеткенін айтады.

Ескі көлік тізгіндегендердің бірі - Астана тұрғыны Нұрсұлтан Ахметов. Оның көлігінің зауыттан шыққанына 30 жылдан асып кетіпті. Жаңасын алуға қаржысы жетпегендіктен, амалсыздан осыны місе тұтып жүр.

«Ескі машинаның өзі қымбат. Саймандары табыла бермейді. Сымдары ескірді. Көп машина жанып, адамдар зардап шегіп жатыр. Енді жаңа машиналардың бағасын түсіру керек»,-дейді ол.

Қазір елімізде 4,4 млн машина бар екен. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Оның 87,9 проценті жеңіл автомобильдер. Ал, жүк көліктерінің үлесі 10 пайыз. Қалған 2,1 проценті қоғамдық көліктерге тиесілі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөліктердің 51 пайызының шыққанына  20 жылдан асқан. Тебілгеніне 10 - 20 жылдан аса уақыт болған машиналар 21,7 пайыз шамасында. Ал соңғы 3 жылда автокөліктердің 8 пайызығана зауыттан шығып, қолданысқа берілген. 

Азаматтардың көпшілігі ескі және жаңа автокөлікті сақтандыруда қандай айырмашылық бар деген сауалға жиі бас қатырады. Сақтандыру компаниясының өкілі Қанат Бимақановтың айтуынша,сақтандырудың міндетті және ерікті дегенекі түрі бар.«Міндетті сақтандыру заңында көрсетілгендей, белгіленген тарифтер бойынша, жаңа көлік болсын, ескі көлік болсын, сақтандыру бағасында еш айырмашылық жоқ. Ал, ерікті сақтандырудың ішінде, жол көлік оқиғасынан бөлек, машинаны өртеп кетсе де, ұрласа да автокөлік иесі, толық өтемақы алады. Мұндай жағдайда жаңа көліктердің сақтандыру бағалары көбірек, ескілерінің құны арзандау шығады»,-деп түсіндіреді.

Ескі автокөліктер саны бойынша Жамбыл облысы алдыңғы орында тұр. Өңірдегі техниканың 71пайызының қолданыста жүргеніне 20 жылдан асқан. Екінші сатыға 66 процент көрсеткішпен  Алматы облысы жайғасыпты.Үшінші орында Солтүстік Қазақстан тұр. Ондағы көліктердің 60 проценті ескірген. Мұндай автомобильдердің экологияға қаншалықты зиян келтіреті бұған дейін де талай айтылған.  

Мамандар экологиялық талаптарға сай көліктерді 6 классқа бөледі. Яғни, ЕВРО 0 ден ЕВРО 5-ке дейін. Елімізде оларды тек көміртегі оксидін бөлу нормасы бойынша ғана тексеруге рұқсат етілген. Ал, еуропа мемлекеттерінде4 компонентке сынама алынады.

«Экосервис» компаниясы астана филиалы директорының орынбасары Олжас Оралғазыұлы Еуропада 2022 жылдан бастап 1 шақырым жүрген көліктің келтірген шығынының салмағы саналатынын айтады. 90 грамм көміртегі аксиді  1 километр жүргенде максималды шығын болып есептелуі керек екен.

Салыстыру үшін мамандар ел аумағындағы көліктерді тексеріп көрген.  Нәтижесінде олардың 1 шақырымға 286 грамм көміртегі оксидін бөлетіні анықталды. Бұл еуропа елдеріндегі стандарттан 3 есе көп.

Елімізде көміртек оксидіне қатысты талаптар заңмен бекітілген. Мысалы,ЕВРО – 3, ЕВРО – 4, ЕВРО – 5 сияқты экологиялық классқа жататын көліктерде ол 0,3%-тен аспауға тиіс. Ал, ЕВРО-2, ЕВРО-1, ЕВРО-0 автомобильдерінде бұл норма 0,5%-тен көп болмауы шарт. Сондай-ақ, газды бейтараптау жүйесімен жабдықталмаған техникаларда - 3,5%-ке дейін рұқсат етілген. Мотоциклдердің көміртек тотығын бөлудегі шектік нормасы - 4,5%.

Олжас Оралғазыұлының мәлімдеуінше, бірінші рет тексерілген автокөлік иелері болса, ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталанатын болса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады екен.  Ал, егер жыл көлемінде тағы да шектен асса, айыппұл екі еселенеді. Бұл жеке тұлғаларға қатысты. Заңды тұлғаларға да бірінші кезекте ескерту жасалады.  Екінші мәрте талап сақталмаса 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Үшінші рет қайталанған жағдайда 200 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалады.

Астанада соңғы мониторинг өткен жылдың соңғы 6 айында жүргізіліпті. Бақылау инспекторларыбас-аяғы 24500 көлікті сүзгіден өткізген.Олардың  4042-сінің зиянды қалдықтарды бөлу нормасы шектен асып кеткені анықталған. Ал, былтыр Алматы қаласында 203557көлік құрылғысының газ шығару жүйесі тексеріліпті. Оның ішінде 40655 автомобильдің экосынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?