Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

Malim Админ

  • 24.04.2020

Осыдан тұп-тура төрт жыл бұрын елде жер митингілері өткен болатын. 2016 жылдың 24 сәуір күні Атыраудағы орталық алаңға жиналған мыңдаған жұрт жерді шетелдіктерге жалға беруге наразылық танытты. Атыраудан басталған наразылық Ақтөбе, Семей, Алматы, Орал, Ақтау, бас қала мен Жаңаөзенде жалғасты.

Жер митингісі неден басталды?

Үкімет 2016 жылдың 1 шілдесінен елдегі 1,7 миллион гектар ауылшаруашылық жерін аукционда сату және шетелдіктерге жалға бермек болды. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың 2016 жылы наурыздағы аукционға қатысты мәлімдемесінен кейін, 2016 жылдың 24 сәуірінде ең алғаш Атырауда «жерді сатуға қарсылық» митингісі өтті. Бес мыңдай адам қатысқан митинг бес сағатқа созылды.

Атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян жер митингілерінің өтуіне мұрындық болған еді

 

Макс Боқаев Атыраудағы жер митингісінде сөйлеп тұр

Белсенді Талғат Аян Атыраудағы митинг кезінде

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналған жұртты тезірек таратуға барын салып, қалың жұрттың көзінше белсенділерді ешкім қудалап, жазаламайтынына уәде де берді. Бірақ онысы бос сөз болып шықты.

Атырауда басталған митинг мамырдың 21-іне дейін он шақты қалада жалғасты.

25 сәуір күні жер митингісі Ақтөбе қаласында өтті.

Алматыда 2016 жылдың 21 мамыр күні өткен митингіге шыққандарды полиция жаппай ұстады. Олардың арасында тілшілер де болды.

ОМОН көшеде алаң маңында жүргендерді жас-кәрі демей ұстады

1 мамыр күні Қызылордада өткен митингіге мыңдаған адам жиналды

 

Оралдағы митинг

2016 жылдың 4 мамыры күні Оралда өткен митинг Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің есін шығарды. Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов шеруге шыққандарға басу айтты

Атырауда өткен жер митингісінен кейін жергілікті белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аянға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Екі белсенді де сотта өздеріне тағылған айыптарды мойындамай, саяси астармен қудаланғандарын ашық мәлімдеген. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Макс Боқаев пен Талғат Аянды ар-ождан тұтқындары деп танып, Қазақстан билігінен оларды босатуды талап еткен.

Талғат Аян  түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру жөнінде өтініш жазып, 2018 жылдың сәуірінде бостандыққа шықты. Ал Макс Боқаев мерзімінен бұрын артты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініш жазудан бас тартты. Макс Боқаев жазасын Ақтөбедегі колонияда өтеп жатыр. Биыл наурыз айының басында белсендімен кездесуге барған құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Макс Боқаев мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға өтініш түсіруге үзілді-кесілді қарсы. Ол  құқық қорғаушымен әңгімесінде «менің кінәм жоқ, мені мемлекет сылтау тауып отырғызды ма, енді өздері шығарсын» деген.

Елді 30 жыл басқарған Қазақстанның сол тұстағы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғалардан соң, жер кодексіндегі даулы өзгерістерге мораторий жариялап, жер реформасы бойынша комиссия құруды тапсырды.

Фотолар Азаттық, Ақ жайық, vlast және reuters сайттарынан алынды

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.