«Үшқоңыр» тұрғын үй кешенінің салымшылары Тоқаевтан көмек сұрады

Бір ай бұрын үй бағасының өскенін хабарлаған

Malim Админ

  • 30.06.2022

 Алматыдағы «Үшқоңыр» тұрғын үй кешенінің салымшылары Президентке видеоүндеу жолдап, жәрдем сұрады.  Олар мердігер компанияның заңды белден басқанына наразы.   

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, қарапайым халыққа, яғни бізге өз пәтерімізді  алуға көмек беруіңізді сұраймыз. Екі жыл бұрын «Үшқоңыр» тұрғын үй кешеніне салымшы ретінде үй алуға ақшамызды салғанбыз. Бір ай бұрын бізге үйдің бағасының өскенін хабарлады. Бүгінгі күні ол соманы төлеу  қиын болып тұр», деп шағымданды азаматтар.  

Салымшылардың айтуынша,  үй алуға ниеттілердің дені  үйдің ақшасының 20-100 пайызын төлеген. Көптеген келісімшартта девальвация болса да үйдің бағасы өзгермейді деп жазылған.

«Lider Group Consalt»  келісімшарттарды біржақты бұзамыз және біздің пәтерлерді басқа тұлғаларға береміз деп қорқытуда.  Осылайша олар бізді ұлғайтылған төлемді қабылдауға мәжбүрлемек.  Әр салымшы үшін бұл төлем өсіп,  қиындық тудырады», дейді шағымданушылар.   

Мердігер компания үй құнын 50-60 пайызға өсірген. Десе де алдын ала брондау келісімшартында бағасы сай деп көрсетілген.

Салымшылардың пікірінше, тұрғын үйді пайдалануға беру уақыты жыл сайын шегеріліп келеді.  Кейбір келісімшарттарда пайдалануға беру уақыты 2021 жылдың шілде айы деп көрсетілген.

«Мінекей 1 жыл уақыт болып қалды.  Бейнеден көргендеріңіздей үй әлі дайын емес.  Кешіктіріп жатқандарына бір жыл боп қалды.  Сондықтан дәл осындай жағдайлар болашақта қайталанбас үшін уәкілетті органдарды бұл істі жіті тексеруге, БАҚ қызметкерлерін осы мәселені көрсетуге шақырамыз.   Жарнамалардан  KVD VELDMANT  «Lider Group Consalt»   арқылы «Весновка» дейтін тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді тарату бойынша жұмыс істеп жатқанын білдік.  Сондықтан отандастарымыз осындай істің құрбандары болмас үшін айтып жатырмыз», деп ескертті үндеу иелері.      

Азаматтар президенттен осы істің анық –қанығын біліп, тиісті мемлекеттік органдарды тартып шара қолдану үшін көмек сұрап отыр.  Одан өзге құрылыста көптеген өрескел  заң бұзушылықтар жіберілген. Атап  айтқанда коммерциялық пайда үшін үй ауданы үлкейтілген. Балкондар мен  лоджиялар пәтердің ортақ ауданына енгізілген. 

«Соған орай біздің пәтерлерімізде лоджиялар мен балкондар жоқ.    Сондықтан сізден осындай өрескел бассыздыққа барған тұлғаларды жауапкершілікке тартуыңызды сұраймыз» дейді  «Үшқоңыр» тұрғын үй кешенінің тұрғындары.   

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

16.05.2024

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

16.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты.

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

Ауғанстанда күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.