Боччаны білмейтіндер көп  

Бес жылдан бері қолға алынған

Malim Админ

  • 26.02.2023

Бочча атты  спорт түрі  Қазақстанда кең таралмаған. Атауын естіп, таңырқап жататындар аз емес. Шағын ғана допты лақтырып  ойнайтын сайыс тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған. Алғаш Грекия жерінде пайда болған инклюзивті  доп бәсекесі 1984 жылы Паралимпиадалық ойындардың бағдарламасына қосылғаны мәлім. Қазақстанда аталмыш жарыс түрі 2018 жылдан бері қолға алына бастады. Мүгедектігі бар азаматтар, оның ішінде балалар мен жастар арасында енді ғана қарқын алып келеді. Боччаны ойнайтын  адамдар диагнозына байланысты бөлінеді. Оның өте қиын түрлері де бар. Ал паралимпиадада бұл доп додасын арбадағы ерекше жандар ойнайды. Оны негізінен ДЦП-мен, аутизммен, даун синдромымен ауыратындар жанына серік етеді. 

Мүмкіндігі шектеулі жандар көп спорт түрімен қамтылмаған. Ал денсаулығында кінәраты бар балалар үшін алданыш боларлық, ынта-жігерін жанитын сайыстар тіпті жоқтың қасы деуге болады.

Бочча бойынша Қазақстандағы алғашқы және жалғыз үйірме осыдан бес жыл бұрын Астанада ашылды. Сол жылы қалалық Бочча федерациясы құрылған болатын.   Арнайы секция ашылып, жаңа спорт түрі жан-жақты насихаттала бастады. Бастапқы уақытта арбаға таңылған он шақты бүлдіршін бочча деген ойынмен жақын танысуға мүмкіндік алды. Қазір бочча үйірмелері әр аймақта ашылып жатыр.  Бұл істе паралимпиадалық спорт түрінен алғашқы жаттықтырушы және елордалық Бочча федерациясының бірінші президенті Сұлтанбек Орынбасаровтың еңбегі зор еді. Сұлтанбек беймезгіл дүниеден озып кетсе де, осы сайыстың кең таралуына мол үлес қосты, дамытты.  Бүгін Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған боччадан Астана қалалық турнирінің ашылу рәсімі өтті.

              Қазақстан Бочча федерациясының президенті М.Әшімбаев 

Турнирге сенат спикері  Мәулен Әшімбаев арнайы қатысып,  сайыста бақ сынайтын спортшылардың мұқалмас жігері туралы және еліміз бойынша жүздеген баланың жеңіске деген құштарлығын оятқан жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровтың ерен еңбегі жөнінде айтты. С.Орынбасаров елордалық бочча федерациясының негізін қалай отырып, осы сайысқа қызығушылардың алдына Паралимпиада ойындарының чемпионы болу деген биік мақсаттар қойған еді...

Сенат Спикері турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, спорт саласында инклюзивті орта қалыптастырудың және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды осындай сайыстарға жұмылдырудың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау жөнінде кешенді жұмыс жүргізу және әр адам өзін жайлы сезінетін кедергісіз орта қалыптастыру мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Паралимпиадалық спорт түрлері, бірінші кезекте, рухы асқақ, жігері мықты, мақсаты айқын адамдарға арналғаны сөзсіз. Соңғы жылдарда елімізде бұл саланың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Бүгінгі сайысқа қатысып жатқан жас спортшыларымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұл жарысқа 50-ден астам спортшы қатысты. Бақ сынағандардың қатарында ДЦП, көзі нашар көретін, Даун синдромы, аутизм, интеллектің бұзылуы, психикалық дамудың баяулығы және басқа да дертке шалдыққан балалар мен ересек азаматтар бар. Олардың басым бөлігі «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының бейімдеу спорт үйірмелеріне қатысушылар. Мұндай үйірмелер «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасы аясында еліміз бойынша ашылған болатын.

  Жарыстың өтуіне  «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры  және Астана қаласы әкімдігі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мұрындық болған.  

Сонымен қатар, сенат спикері   бұл бағыттағы спортшыларға жан-жақты, оның ішінде заңнамалық деңгейде де қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін айтты. Осы ретте Қазақстан бочча федерациясының кезектен тыс конференциясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған Федерацияның президенті болып сайланғанын атап өткен жөн.

Бұл турнирдің тағы бір ерекшелігі ретінде оған  көзі нашар көретін студенттер де қатысты.  Мұндай сайыстар мүгедек балалардың ортаға бейімделуіне және өзгелермен қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруге ықпал ететіні анық.  

Бүгінде еліміздің әр аймағында боччаға балаларды баулитын спорт үйірмелері көптеп ашылуда. Орталықтың ашылғанына 2 жылға жуықтап қалған. Оған ерекше қа­жеттіліктері бар 10 балаға дейін ақысыз негізде қатыса алады. Бұл спорт түрі бала­лар­дың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Ұл-қыздар иппо­те­рапиямен айналысып, бассейнге барады. Балалар шы­нығып қана қоймай, жарысқа қа­тысып жүлделі орындарға ілігіп жүр.  Сондай-ақ, мұндай үйірмелер Маңғыстау, Жамбыл, Алматы қаласында, Қарағанды, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ашылған. Алдағы уақытта ерекше жандарды жан-жағынан, физикалық даму тұрғысында, ойлау қабілеті мен сезім жағынан дамытатын үйірмелер саны көбейе түспек.     

Байланысты жаналықтар

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

13.05.2024
MalimBlocks
Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Өзбекстаннан тарихи Отанына оралған боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді