Құландар тағдыры

Malim Админ

  • 14.02.2020

Құлан – қазақ танымына өте жақын жануар. Ауыз әдебиетімізде де құлан бейнесі жиі ұшырасады. Құланды, Құлан, Құланөтпес сияқты жер-су аттары да республикамызда жиі кездеседі. Бұл құланның еліміздің әр аймағында болғанын көрсетсе керек.

Құлан ареалына Ресейдің еуропалық бөлігі, Батыс Сібір мен Қазақстан даласы, Орталық Азия мен Тибеттің шөл және шөлейт аймағы, Араб түбегі мен Үндістан жері кіреді.

Қазақ даласында құланның үш түрі болған. Моңғол құланы, қазақ құланы және түркімен құланы. Моңғол құланы Шығыс Қазақстанды, қазақ құланы Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанды, түрікмен құланы Батыс Қазақстанды мекендеген.

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, ХVIII ғасырда Қазақстанда мыңнан астам құлан болған. Оның көбі 1879-1880, 1891-1892 жылдардағы үлкен жұтта қырылған. Жұттан аман шыққандарды аңшылар қырған. Осының салдарынан ХХ ғасырда қазақ даласында құлан әбден құруға айналды десе де болады.

Қазақстанда құлан Қызыл кітапқа енген, «сирек және жойылу алдында тұрған» ІІ дәрежелі жануарлардың қатарына кіреді. Сонымен қатар халықаралық қызыл тізімге енген.

1953 жылы қазақ даласына құландарды реинтродукциялау үрдісі жүрді. Ондаған түркімен құланы Түркіменстанның Бадхыз қорығынан әкелініп, Барсакелмеске жіберілді. Генетикалық зерттеулерге қарағанда бұрын бұл аймақты мекендеген қазақ құланы мен түркімен құланының гендік айырмашылығы аз болды.

Арал даласына келген құландар бірден жерсініп, жылдан жылға көбейді. 1980 жылы Барсакелмес қорығындағы құлан саны 272-ге жетті. Реинтродукция сәтті жүзеге асқаннан кейін 1982 жылы  27 құланды Барсакелместен Алтын Емел ұлттық паркіне апарды. Бүгінгі кезде ұлттық парктегі құлан саны 4 мыңға жетіп отыр.

2017 жылы норвегиялық табиғатты қорғау институты мен Франкфурт зоологиялық қоғамы Қазақстандағы биологиялық түрлерді сақтау ассоциациясымен бірігіп, құландарды реинтродукциялау жұмысы қайта жанданды. Бұл жұмысқа шетелдік үздік мамандар да ат салысты.

2017 жылы Алтын Емел ұлттық паркінен 9 құлан Торғай даласына әкелініп, 2019 жылы оларға үш бас қосылды. Осылайша құландар тарихи мекендеріне оралды. Осы жобаның аясындда қырықтан астам құланды Алтын Дала резерватына қосу жоспарланып отыр.

Құландардың басынан тарихи зооцид пен ұлы жұт өтті. Соған қарамастан олардың маңдайына қазақ даласын мекендеу жазылыпты. Қазақстан ғалымдар мен қорықшылары құланды одан әрі көбейтіп, түрін сақтауға барын салып отыр.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды