Балиева балаларды бірінші сыныптан әскерге бермек

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 25.02.2020

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде  «Әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушылар контингентін медициналық қамтамасыз ету мәселелері» деген тақырыпта жиын өтті. Жиынға депутаттар, қорғаныс саласының мамандары, Ұлттық «Ұлан» қызметкерлері қатысты. Осы жиында депутат Зағипа Балиева ұл балаларды бірінші сыныптан әскери тәртіпке үйрету керек екенін айтты. Депутаттың сөзінше әскери мектепте бірінші сыныптан бастап оқыған балалардың арасынан қылмыскер шықпайды екен.

«Жас ұлан», кадет сияқты мектептерді әр облыста, аудандарда ашу керек. Осылай істесек, біз ұтамыз. Жас бала бірінші сыныптан тәртіпке үйренеді. Маргиналдар азаяды. Мен «Жас ұланда» мектебінде болғанда қатты қауындым. Осындай кадет мектептері көп болса, қылмыс азаятын еді. Қазір осы қылмысқа, сотқа қанша ақша жұмсаймыз. Кадетте оқыса, бірінші сыныптан патриот болып өседі. Мүмкін осындай мектепті бітірген балаларды әскерге шақырмай-ақ қойса да болатын шығар. Өйткені ол мектептен бәрін біліп шығады. Бізге жүйелі жұмыс керек. Сұрақты жүйелі шешпей ештеңе өзгермейді.

Мүндай мектептер ашылса, ерте зейнетке шығатын әскерилер сабақ беретін еді. Бұны Білім жәні ғылым министрімен ақылдасып шешу керек», – деді Зағипа Балиева.

«Жас ұлан» Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери-мектеп 11 жылдық оқу бағдарламасымен оқып, 9-сынып бітірген, я 12 жылдық оқу бағдарламасымен оқып, 10-сынып бітірген балаларды қабылдайды.

Бірінші сыныптан, яғни 6-7 жасынан бала әскери мектепте оқи ала ма?  Балалық шағын ұрламаймыз ба? Заңгер-депутат осы жағын да ойласа керек-ті.

Фото: malim.kz

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

15.01.2021

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

15.01.2021

"Тоқаев жауап бермесе, халықтық парламент құрылады"

15.10.2020

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

02.06.2020

Нығматуллин депутаттарын мақтады

20.05.2020
MalimBlocks
Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

"Тоқаев жауап бермесе, халықтық парламент құрылады"

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

Нығматуллин депутаттарын мақтады