Қоғамдық ұйымдар волонтерлар қозғалысында бірікпек

Malim Админ

  • 01.02.2020

Ақмола облысында бірқатар қоғамдық ұйымдар волонтерлар қозғалысында бас қосып, жұмыстары жаңа серіпін алмақ. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

«Ақмола Жаңа толқыны» қоғамдық қоры, «Жас Ұлан» ұйымы, «Жас Отан» жастар қанаты енді волонтерлар қозғалысында тізе бүгін бір шама жұмыстарды атқаратын болады. Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған волонтерлік қозғалыс орталығы облыстағы әлеуметтік проблемаларды шешуге өз күш жігерін жұмсамақ екен.

Әсілі волонтер кез-келген қоғамдық шараға ат салысуға пейілді ерікті. Қоғамдық жұмыспен айналысуға ықласты һәм азаматтық қоғамның дамуына ат салысушы азамат. Былтырғы 2019 жылдың жиырма жетінші тамызы күні президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы қаулыға қол қойған еді.

«Көпшілік қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыра алады. Қиын жағдайға түсіп қалған адамдарға балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға қамқорлық жасауға да болады. Ауыл балаларына білім беру жобаларына қатысуға, азаматтарымыздың құқықтық сауатын ашуға ат салысу. Волотерлар үшін жұмыс өте көп. Біз патриотизм мен қоғамға қызмет етудің үлгісін көрсетуімізге болады », - деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадр резервімен болған кездесуде.

Ақмолалық волонтерлар қозғалысы президент айтпақшы қоғамға қызмет ету арқылы елдегі мәселелерге бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамның дамуы үшін барын салмақ. Нақтырақ айтсақ өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ат салыспақ ниетте. Бұл жауапты жұмысқа онлайн өтініш арқылы араласуға болады екен.

«Еріктілерді тіркеу мерзімінде шектеу жоқ. Қалаған уақытыңызда волонтер атануыңызға болады. Біздер орталық ретінде жұмысқа бел шешіп кіріскелі жатырмыз. Біздің сапқа көп адамның қосылатынына бек сенімдіміз. Қоғамдық келісім үйі өңірдегі қоғамдық ұйымдармен жақы қарым-қатынаста», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облысындағы өкілі Динара КӘКПЕНОВА.

Еріктілер әлеуметтік, спорттық, мәдение салаларда жұмылмақшы.

«Ақмола облысының еріктілері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде, Алматыда өткен қысқы Универсиада, ЕҚЫҰ Саммиті сынды аса маңызды шараларда белсенділіктерімен көзге түскен. Біздің облыстағы қоғамдық бірлестіктер волонтерлікпен айналысып тұрады. Мәселен екінші дүниежүзі соғысы ардагерлеріне жәрдемдесулері. Олар өз белсенділіктерімен басқа да адамдарды қоғам өміріне араласуға үндеді деп ойлаймын», - деді Ақмола «Жаңа толқын» қоғамдық қорының төрайымы Жайнагүл ҚАППАСОВА.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған волонтерлік қозғалыс орталығында жасотандықтар үш айлық еркітілер курсын ашпақшы екен. Аймақтағы этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басын қосатын қосып, жастарды қоғам алдындағы жауапкершілікке, туған елдің патриоты болуға баулымақ.

Қазақстанның бүкіл Достық үйлерінде ашылып жатқан еріктілер орталығы жалпыреспубликалық Ассамблея жүйесіне кеп тоғысатын болады екен.

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

Фото ғаламтордан алынды. 

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

23.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

14.03.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады