Кәсіптік білім беру ағылшын тіліне көшіп жатыр

Malim Админ

  • 04.02.2020

Елдегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындардарында 475, 4 мың студент оқиды. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында үш тілде оқуға мүмкіндік бар.

Елдегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 57 пайызы мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Сонда статистика комитетінің дерегіне қарағанда, елде кәсіптік және техникалық оқу орындарының 427-сі мемлекетке тиесілі. Онда 274,7 мың адам білім алады.

Ал жалпы алғанда, елде 740 кәсіптік және техникалық оқу орны бар. Онда барлығы 475,4 мың адам оқиды. Статистика комитетінің дерегінше, осы оқу орындарына 2019-2020 жылдары түскен студенттердің саны 2018-2019 жылдармен салыстырғанда 3 пайызға азайған. Студенттердің 89,2 пайызы -күндізгі, 10,3 пайызы сырттай бөлімде оқыса, 0,5 пайызы кешкі бөлімге барып қатысады екен.  2019-20-жылы кәсіптік және техникалық оқу орындарына барлығы 153 123 адам қабылданған,

Бұл оқу орындарына түсетіндер көбіне-көп медицина, экономика, білім беру салаларындағы мамандықтар бойынша оқиды. Мәселен, 2019-20-жылдары медицина мен фармацевтика саласына оқуға 24 344 адам қабылданса, қызмет көрсету, экономика және басқаруға 23 768 адам түскен. Білім беру мамандығына 20 154 адам қабылданса, өндіріс, монтаж, эксплуатация, жөндеу мен транспорт эксплуатациясы мамандығын 19 277 адам қалап барған. Жастардың арасында ауыл шаруашылығы мамандықтары да танымал. Ветеринария, ауыл шаруашылығы мен экология мамадықтарына 10 979 адам қабыданған. Бүгінде сұранысы арта түскен IT саласын таңдап барушылар да аз емес. Байланыс, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар мен электронды техника мамандығына 14 824 адам түссе, қалған 39 777 адам басқа мамандықтарға кеткен.

Қызығы, кәсіптік және техникалық білім беру орындарында тек қазақ немесе орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын тілінде де білім алуға болады. Әлбетте, студенттердің басым бөлігі, 58,9 пайызы қазақ тілінде оқиды. Орыс тілінде оқитындар - 40,8 пайыз. Қалған 0,2 пайыз студент ағылшын бөлімінде оқиды.

Былтырғы оқу жылында техникалық және кәсіптік оқу орындарын 144,3 мың түлек бітірді. Ал енді кәсіптік және техникалық оқу орындарының түлектері қайда кетеді, олар үшін қандай жолдар ашық деген сұрақ қылтиятыны түсінікті. Міне, статистикаға қарағанда, осы оқу орындарын бітіргендер жолда қалып жатқан жоқ, 61,4 пайызы, яғни 88, 6 мың адам жұмыс тауып кетсе, 17 300-і немесе 12 пайызы колледж және жоғарғы оқу орындарына түскен.

Статистика комитетінің дерегінше, техникалық және кәсіптік білім беру орындарында 36,9 мың мұғалім және өндіріс саласын оқытатын 5,8 мың маман жұмыс істейді.

Фото: buki.kz

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.