Коронавирус: Ухандағы отандастарымыз елге оралады

Malim Админ

  • 01.02.2020

Қытайда коронавирус атты қатерлі дерттің анықталғанына көп уақыт өте қоймаса да күн санап оның құрбандары мен жаңадан жұқтырғандар саны артып келеді. Осы уаққа дейін біраз мемлекет Қытаймен барыс-келісті, алыс-берісті тоқтатып үлгерді. Ол да заңды нәрсе. Ауру болған жаққа барма, ештеңе алма деген қағида өз еліңнің қауіпсіздігі үшін өте маңызды дүние. Дегенмен, бұл алыстағы елдерге онша бір қиындық туғызбағанмен, іргеде отырған Қазақстан үшін өте күрделі мәселе болып тұр. Бір қуанарлығы, әзірге шекарадағы күшейтілген сақтық шаралары, түрлі деңгейдегі тексерулер нәтижесінде еліміз бұл қауіпті аурудан аман. Бұл шаралар әлі де күшейтіліп, біраз уақытқа сауда айналымы да тоқтайды. Бірақ, Қазақстан үкіметі, сыртқы істер министрлігі, көші-кон комитеті сияқты құзырлы органдар шешетін үлкен бір мәселе бар. Ол, әрине, Қытайдың Ухан аймағында оқып жатқан студенттеріміздің жайын реттеу. Бұл мәселе бойынша еліміз қандай шаралар атқарады?

Бұған дейін айтылды, Қытайдағы студенттердің ешқайсысы қараусыз қалмайды. Қазақстан үкіметі оларды елге қайтарып алудың жолдарын қарастырып жатыр. Бұл алдымен ел үкіметінің Қазақстан азаматтары алдындағы парызы болса, екіншіден, ол жақта қала беру кім үшін болса да қауіпті. Өйткені, күн санап ауру жұқтырғандар көбейіп, кісі өлімі көрсеткіші де өсіп келеді. Қытай үкіметі бұл аурудың шарықтау шегіне жетер мезгілі – ақпан айының орта шені деген. Демек, ол уақытқа дейін жағымсыз көрсеткіштер әлі де арта түспек. Қазірдің өзінде Узан аймайғындағы ауруханаларға адам сыймай жатыр, алдағы уақытта жағдай мүлде шиеленіседі деген сөз. Сол себепті, Қазақстан азаматтары қалай да елге жеткізілуі тиіс. Қазір осыған орай дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Тіпті, ол жаққа ұшатын ұшақ та, экипаж мүшелері де, арнайы дәрігерлер де дайын. Бұған дейін оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген дәрігерлер мен барып-қайтатын ұшақта болатын барлық қызметкерлердің қатерлі ауруды жұқтырып алмауы үшін қауіпсіздік шараларының бәрі қарастырылған.

Бұл жайында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы хабарлаған болатын.

«Егер ол студенттерді алып келетін болсақ, біз алдымен карантин жариялаймыз. Оларға біздің дайындап қойған емханамыз да бар. Сол емханаға апарып, оларды  14 күн бойы емдейміз. Тиісті шараларды қолданамыз. Одан кейін оларға диагностика жасаймыз. Лабораторияға қан аламыз. Лаборатория тексеру нәтижесін берген соң ғана біз оларды шығарамыз», - деді вице-премьер.

Оның сөзіне қарағанда студенттер әуежайға жеткізілген соң барлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Оларды арнайы медицина қызметкерлері күтіп алып, бірден автобусқа отырғызады. Одан кейін ешқайда бұрылмай арнайы жабдықталған емханаға апарып, орналастырады.

Бұл сақтық шаралары арнайы зерттеу нәтижесінде бекітілген. Вирустың жұғу уақыты мен оның белгілері түгелдей білініп болатын уақыт аталған – 14 күн. Осы күн ішінде олармен қарым-қатынасқа тыйым салынады. Арнайы орын дайындалып болды, енді, оларды елге жеткізу ғана қалған сияқты. Бердібек Сапарбаев Қытайдың Ухан аймағындағы қазақстандықтарды елге көшіріп әкелуге дайындық пысықталып болғанын хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан Қытайдағы студенттерді алып келугедайын. Қазір ұшақ дайын тұр, аурудан сақтану үшін бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген.

 «Қазір біз Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Сондағы бірінші кезекте біздің студенттерді алып келу жөніндегі шаралар пысықталды. Екіншіден, сондағы туристерді жеткізу. Туристер 680 болған, олардың жартысы елге оралды», - деді Бердібек Сапарбаев.

Арнайы ұшақ керекті құрылғылармен жасақталған. Сондай-ақ Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Маминнің елдегі сақтық шараларын күшейту үшін қосымша құралдар, маскалар, одан да басқа керекті заттар алу үшін дайындалған қаулыға қол қойғанын атап өтті.

«Оған қосымша 1,5 млрд теңге бөлінген. Оның үстіне, өзіміздің қорымыз да бар, жергілікті жерлерде берілетін көмек бар. Яғни, көмекті немесе медициналық қолдауды қажет ететін азаматтар болса, оған біздің қаржымыз да, мүмкіндікіміз де бар», - деді үкімет басшысының орынбасары.

Айта кету керек, қазір Қытайдың Ухан аймағында 400 қазақстандық студент білім алып жатыр. Оның 98-і індет тараған қалада.

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.