Есірткі сатып есі кеткендер

Malim Админ

  • 19.02.2020

Адамды есінен тандыратын ескірткіге де дауа болмай тұр. Жыл басынан бері полиция 62 заңбұзушылықты анықтап, 18 килограмм есірткі тәркілепті. Ал жылдың басталғанына небәрі екі ай ғана уақыт өтті. Қылмыстың түрі көп. Жазасы да әртүрлі. Ал өзіне өзі қастандық жасап, есірткіге байланатын тағдыр иелері ең үлкен қылмыс жасап жатқандарын білмейді. Ал оны бизнес көзіне айнадырған наркобарондар қоғам болашағына тас лақтырып отыр.

Екібастұз қаласында бір ер адамнан гашиш пен марихуана табылып, ұсталған. Қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. «Есірткіге қарсы күрес қызметкерлері есірткі саудасымен айналысуы мүмкін деген 34 жастағы күдіктіні ұстады. Пәтерін тінту барысында бір сөмкеден 16 килограмм 400 грамм жасыл-сұр түсті зат табылған. Экспертиза нәтижесі оның марихуана екенін көрсетті», – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, пәтерден 2 килограммдай 154 полиэтилен қалташаларына бөлініп салынған ұнтақ зат табылған. Экспертиза оның гашиш екенін анықтады.

34 жастағы ер адам қазір уақытша тергеу абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оның жазықты, жақсыз екені анықтала жатар. Сотталар да, бірақ қылмыс сонымен тыйыла ма?

Ал Батыс Қазақстан облысында есірткі сатуды насихиттайтын сегіз сайт жабылды. Орал қаласы прокуратурасы интернет көздеріне мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды жарнамалап, насихаттайтын сегіз сайтты анықтаған.

Бұл «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабының талаптарына тіпті қайшы келеді. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда олар нашақорлықты насихаттайтын бұл сайттар еркін жұмыс істеп келген.

Сайттардағы ақпараттың ел аумағында жариялануы заңсыз болғандықтан оларды жабу үшін заңсыз боп танылсын деп сотқа талап арыз берілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 54-бабы 3-тармағына сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Қала прокурорының арызы қанағаттандырылып, Орал қаласы №2 сотының бас болуымен аталмыш сайттар заңсыз деген шешім шықты.

Енді шешімнің орындалуы Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне жүктелді.

Сот актісі заңды күшіне енбеген.

Ал Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеде айран ішінен есірткі табылған. Адамнан айла артылған ба?!

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне бойынша, ЗК-169/1 мекемесінің тергеу-қамауында отырған азаматқа танысы есірткі өткізуге әрекеттеніпті.

«Танысына келген азамат 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткі өткізбек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297- бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деп ақпарат берген Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің маманы Дана Дастанова.

Есіртке сатып есі кеткендер осылайша неше түрлі алаяқтық қадамдарға барып отыр. Елімізде нашақорлыққа қатаң тыйым салынған. Бірақ қара жолға түскен отандастарымыз алған беттерінен қайтар емес. Заң өз дегенін істеп отырса, бәрі реттелер деген үміт те жоқ емес.

Байланысты жаналықтар

Аймақтағы басылымдар мәселесі Астанаға жетті

25.01.2023

"Бекетаев, тәуелсіз заңгерлерден қолыңды тарт"

23.02.2021

Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

11.07.2020

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

29.06.2020

Балаева: Ақпарат саласын заңнамалық тұрғыдан күшейту керек

05.06.2020
MalimBlocks
Аймақтағы басылымдар мәселесі Астанаға жетті

Облыстағы қараусыз, қолдаусыз қалған газет-журналдар мен сайттарға үкіметтің назары ауыпты.

"Бекетаев, тәуелсіз заңгерлерден қолыңды тарт"

Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

Балаева: Ақпарат саласын заңнамалық тұрғыдан күшейту керек