Боқаев: Мені өздері қамады, енді өздері шығарсын

Елнұр Бақытқызы

  • 02.03.2020

Құқық қорғаушы, "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА бүгін Ақтөбе колониясында Макс БОҚАЕВПЕН кездескен. Б.Төреғожинаның айтуынша, М.Боқаев белсенді Дулат АҒАДІЛДІҢ жүрегі қысылып қайтыс болғанына сенбейді.

- Бақытжан ханым, Макс Боқаевтың денсаулығы, көңіл күйі қалай?

- Макспен екі сағаттай сөйлестік. 90 шаршы метрлік барак типтес аумақта тұрып жатыр. Онда 25 төсек бар, 18 адам тұрып жатырмыз деді.

Бұған дейін омыртқам ауырады деген еді. Бірақ қазір өзін жақсы сезінеді. Ит терісінен жасалған белдігі бар, жаттығу жасайды. Омыртқасына сол көмектесіпті. Кездесуге барғанда алдымыздан аурушаң адам шығатын шығар деп ойладық. Бірақ керісінше, сергек, көңіл күйі жақсы екен.

Өзінің айтуынша, ешқандай шағымы жоқ. Бұрынғы колониядағыдай (Боқаев 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін жазасын Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда өтеген)  саппен жүру, басшылық алдында бас киімді шешу жоқ. Оның үстіне қамауда отырғанына төрт жылдай болды, қамаудағылар өзін құрметтейтінін айтты. Макс түрмеде құқық қорғаушылықпен айналысып жүр. Қамаудағыларға мерзімінен бұрын шартты  түрде бостандыққа шығу жөніндегі өтініштерін жазып беруге көмек көрсетеді екен.

- Макс Дулат Ағаділдің қазасы жайлы естіді ме?

- Иә, ол жайлы естіп білген. Дулат Ағаділдің жақындарына көңіл айтамын деді. "Бұл оны ұстаған адамдардың бассыздығы, шектен шыққаны" деді. Макстың өзі де қамауға алынғанда және қамауда адамдарды ұрып-соғатынын біледі. Бұл өзінің де басынан өткен, ұсталғанда полицейлердің, этаппен әкеткенде айдауылдардың адамдарды соққыға жығатынын біледі. Өкінішке қарай, мұндай жағдай тергелмей, тексерілмей, жазасыз қалып жатады. Сөйтіп, болашақта тағы қайталанады.

Макс "Дулаттың жүрегі қысылып қайтыс болды" деген ресми мәліметке сенбейтінін айтты.

- Ағаділдің қазасынан кейін елде митингілер өткенін біле ме?

- Оған газеттер аптасына бір рет қана келеді. Сондықтан митинг жайлы бізден естіп білді. Митингіге шыққандармен біргемін, оларды қолдаймын деді. Ол бұл наразылық қоғамдағы қалыпты реакция деді.

- М.Боқаев бұған дейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініш жазудан бас тартып келген. Пікірі өзгермеп пе?

- Мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуға неге өтініш жазбайтынын сұрадым. Ол "менің кінәм жоқ, мені мемлекет сылтау тауып отырғызды ма, енді өздері шығарсын" деді.

Фото: Azattyq.org

 

Байланысты жаналықтар

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

20.01.2022

Макс Боқаев жолы: Алаңнан - түрмеге, түрмеден - алаңға

04.02.2021

Митинг өтті дүркіреп

31.10.2020

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020

Түрмедегі Арон Атабек премьер-министр болсам дейді

31.07.2020
MalimBlocks
Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Ал құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина бүлік кезінде қаза тапқан, қамауға алынған, жарақаттан және іс-түссіз жоғалған азаматтардың тізімін жасайтын Qantar 2022 сайтын іске қосты. Malim.kz тілшісі олармен тілдесті.

Макс Боқаев жолы: Алаңнан - түрмеге, түрмеден - алаңға

Митинг өтті дүркіреп

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

Түрмедегі Арон Атабек премьер-министр болсам дейді