Қазақстан экономикасын коронавирус талқандайды

Malim Админ

  • 05.03.2020

Әлем елдері коронавирустан экономикаға келетін шығынды есептеп, әртүрлі сценарийлерге қамдана бастады.  Ал Қытаймен іргелес Қазақстан экономикасы Covid-19 шығынын көтере ала ма?

Қытаймен шекараны бірінші болып жапқан Орталық Азия елдерінде әзірге ресми дерек бойынша, коронавирусқа шалдыққандар жоқ. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған жағдайда "В жоспарымыз" бар деп отыр. Бірақ ұлттық экономика министрлігі әзірге үнсіз, министр Руслан Даленовтің коронавирус экономикаға қалай әсер ететінін есептеп, жоспар түзіп жатанын байқамадық.

Әлемнің 76 елінде коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңнан асты, оның 80 мыңы Қытайда. Аурудан 3 мыңнан астам адам қайтыс болған. Короновирус әлемдегі сауда-саттық, әлемдік қор биржалары мен мұнай бағасына әсер ете бастады. Сарапшылар  коронавирус кесірінен әлемдік экономика 2008 жылғыдан кем емес дағдарысқа тап болуы мүмкін деп болжайды.

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева биыл әлемдік ішкі жалпы өнім былтырғымен салыстырғанда төмендейтінін кесіп айтты. Әзірге әлемдегі ішкі жалпы өнім қаншаға төмендейтінін халықаралық валюта қорының өзі дөп басып айта алмайды.Oxford economics зерттеу орталығы Covid-19 пандемияға айналса, әлемдік ішкі жалпы өнім 1 триллион доллардан айырылатынын жария етті.

АҚШ федералды резерв жүйесі экономика тұралап қалмау үшін осы бастан пайыздық ставканы 1-1,25 пайызға дейін төмендетті. Осының арқасында американдықтар жылжымайтын мүлік, көлік, қымбат тауарлар сатып алып, экономиканы өсіре ме деген дәме бар. Бірақ Экономикалық әріптестік және даму ұйымы "егер індет Азия-Тынық мұхит аймағы, Еуропа мен Солтүстік Америкаға таралса, 2020 жылы әлемдегі экономика өсімі 1,5 пайызға тежеледі" дейді.

Ауру таралған елдер – Қытай, Оңтүстік Корея, Италиядағы команиялар шығынға батып жатыр. Еуроодақ Қытаймен сауда-саттықты тежеді. Deutsche Bank коронавирустан Еуроодақ рецессияға тап болуы мүмкін деп болжайды.

Әр ел індетпен күреске шамасы келгенше қамданып жатыр.  Қытаймен шекаралас, сауда-саттығы жолға қойылған Қазақстан экономикасы Covid-19-дан келетін шығынды көтере ала ма? Көкөніс, жеміс-жидек тәрізді азық-түлікті былай қойғанда, аспанасты елінен шикізат тасымалдайтын Қазақстанға коронавирус қалай әсер етпек?

Ulagat Consulting Group консалтинг компаниясының жетекшісі Марат ҚАЙЫРЛЕНОВ Қазақстан экономикасы коронавирусқа дайын емес дейді. Сарапшының айтуынша, коронавирус ел экономикасына бірнеше бағыт бойынша әсер етеді.

"Біріншіден, коронавирус Қазақстанға әлемдік шикізат бағасы арқылы әсер етпек. Мұнай бағасы 20 пайызға түсті. Басқа шикізат бағасы да төмендеп жатыр. Қытай экономикасы өсімінің тоқтауы шикізат нарығы үшін үлкен проблема", – дейді М.Қайырленов.

Шикізат бағасы төмендесе, бұл, әлбетте, теңгенің долларға шаққандағы бағамына тікелей әсер ететіні түсінікті.

М.Қайырленов Ұлттық банк қазірдің өзінде теңге бағамын түсірмей, қолдан ұстап отыр дейді. "Мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін құлдырағанда рубльдің долларға шаққандағы бағамы 67 рубльге төмендеді. Кейін 65 рубльге түсті. Бұрынырақта Ұлттық банк теңгенің рубльге шаққандағы бағамын 6 теңгеге дейін түсірді. Яғни Ресейде доллар 67 рубльге жеткенде, бізде доллар шамамен 402 теңге тұруы керек еді. Ал Ресейде доллар 65 рубль болса, Қазақстанда доллар 390 теңгеге көтерілуі керек еді. Бірақ доллар бағамы әлі 380 теңге шамасында тұр. Соған қарағанда, Ұлттық банк интервенциялар жүргізіп, доллар бағамын қолдан ұстап отыр. Өйткені теңге девальвацияланса, қымбатшылық келеді, инфляция өседі. Ал халықты онсыз да наразылық көңіл күйлері билеп отыр. Сондықтан Ұлттық банк теңгенің бағамын ұстап отырады ", – дейді сарапшы.

"Екіншіден, инфляция өсуі мүмкін. Қазақстан Қытайдан өнеркәсіп тауарларын ғана емес, азық-түлікті де сатып алады. Мәселен, жеміс-жидек пен көкөністерді. Қытайдан бұл тауарлар жеткізілмейтіндіктен, тапшылық туындап, бұл тауарлар қымбаттайды. Сөйтіп, іс жүзінде инфляция айтарлықтай өседі.

Үшіншіден, Қытайдың Қазақстанға салатын инвестициялары тұралап қалуы мүмкін. "Бір белдеу – бір жол" жобасы аясында Қытайдың 55 зауыты салынады делінген. Оған азаматтық қоғам қарсы шықты. Бірақ Қазақстан үкіметі сол инвестицияға үлкен үміт артты. Енді Қытайдың өзі коронавируспен бас қайғы болып отыр, ол зауыттар тұралап қалуы мүмкін", – дейді М.Қайырленов.

Фото: liter.kz,   mk-kz.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.