"Супермаркеттерде дүрбелең жасамау керек"

Malim Админ

  • 13.03.2020

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус инфекциясына байланысты супермаркеттер мен базарларда туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырды.

«Бізде дүрбелең бар деген сөз шықса, ол ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Әлеуметтік желілерде супермаркеттен түсірілген суреттің тарап жатқанын көрдіңіздер. Кез келген супермаркетте әрқашан әртүрлі суретті түсіріп, тарата беруге болатынын білесіздер. Өнімдер туралы айтар болсам, ешқандай жетіспеушіліктің жоқтығын атап өткім келеді. Ақпараттың аздығы сезілуі мүмкін, бірақ біз тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермейміз. Бұл бәрімізге байланысты. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша коронавирустың таралуына қарсы теңдессіз шаралар Қазақстандағы карантинді ұзаққа апармайды. Сонымен қатар ол Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша жағдай тұрақты екенін жеткізді.

«Егер өткен жылы біз айтарлықтай өсімді байқасақ, ал бүгінгі күні өсімді туындатар барлық себеп жойылды. Алғашқы екі айда соңғы бес жылдағы өсімнің ең минималды деңгейін көріп отырмыз. Осы кезеңде 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар топтарында 0,6 пайыздық өсім байқалды», - деді Бақыт Сұлтанов. Сонымен қатар министр азық-түлік бағасы бақылауда екенін жеткізді. «Ешқандай проблема жоқ. Ешқандай тапшылық болмайды. Әрине кәсіпкерлер қолдан бағаны көтеремін десе, бұның бәріне спекуляция деп баға беру керек. Бұл ретте тиісті мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Дереккөз: kazinform.kz

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады