Украина орыс тіліндегі сабақтарды тоқтатты

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 15.03.2020

Украина президенті Владимир Зеленский «Толық орта білім беру туралы» заңға қол қойды. Жаңа заң бойынша Украинада толық орта білім украин тілінде беріліп, бұған дейін аз ұлттардың тілінде сабақ берген мектептер қысқарады. Соның ішінде орыс тілі де бар. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап орыс тіліндегі мектептер қысқарады.

«Президентке жаңа заң жобасын қолдағанына рахмет. Енді мектепте білім беру жүйесіне тиісті өзгерістер жасай аламыз. Бұл заң жаңа украиндік мектептерді дамытып, оқушыларымыз бен ата-аналарға жаңа мүмкіндіктер береді», – дейді Украинаның Білім және ғылым министрінің орынбасары Любомира Мандзий.

Заңда украин тілін мектептерде оқытудың үш моделі қарастырылған. Бірінші модель мемлекеті жоқ, өз тілдерінде сөйлейтін ортада өмір сүрмейтін Украинаның жергілікті халқына арналған. Мәселе, қырым татарлары туралы болса керек. Олар ана тілдерімен қоса укарин тілін 11-сыныпқа (12-сыныпқа) дейін  оқуға міндетті.

Екінші модель аз ұлттың тілінде оқытатын мектептерге арналған. Тілдің қолдану аясы мен тобына қарай бұл модельді әртүрлі қолдануға болады. Негізінде, олар ана тілінде мемлекеттік тілмен бірге бастауышта білім алады. Бесінші сыныптан бастап украин тілінде өтетін сабақтар 20 пайыздан төмен болмауы керек, осылай өсіп тоғызыншы сыныпта 40 пайыз сабақ украин тілінде, ал жоғары сыныптарда 60 пайыздан жоғары сабақтар украин тілінде өтуі керек.

Үшінші модель украин тілімен туыс тілдерде білім алатындарға қатысты. Әсіресе, орыс тілі. Бұл жерде де бастауышта орыс тілі украин тілімен қоса оқытылады да, бесінші сыныптан бастап 80 пайыздан жоғары сабақтар украин тілінде өтеді.

Украинаның Жоғары Радасы осы заңды қабылдаған соң, Ресей БҰҰ, Еуропа Кеңесі сияқты құрылымдардың құқыққорғау институттарына Украина орыс тіліне қысым жасады деп шағымданған. Алайда Ресейдің құр амбициясынан ештеңе шықпайтын секілді. Украина біржола өзгеріске бет бұрды.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Фото: tass.ru

Байланысты жаналықтар

Бишімбаевтың сотына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келді

22.04.2024

Су тасқыны: Ресейдің Түмен облысында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

18.04.2024

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

17.04.2024

Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

16.04.2024

Тобыл өзені көтерілді: Ресейдің Қорған өңіріне мол су жақындап келеді

16.04.2024

Орынбордағы су тасқыны: барлық су Жайыққа 5-6 күнде жетеді

11.04.2024
MalimBlocks
Бишімбаевтың сотына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келді

Журналист зардап шеккен тараптың туыстарының жанында отыр, ал қалған журналистерге сот залында отыруға тыйым салынған.

Су тасқыны: Ресейдің Түмен облысында тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Уақытша орналастыру пункттерінде 137 адам, оның ішінде 48 бала бар.

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

Айжан Аймағанова Ресей мамандары егер жалған қорытынды берсе, ол үшін жауапкершілік арқаламайтынын ескертті.

Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

Олар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды.

Тобыл өзені көтерілді: Ресейдің Қорған өңіріне мол су жақындап келеді

ТЖМ Бас басқармасының болжамына сәйкес, өңірде 62 елді мекен, 4300 үй, 5550 үй жай учаскесі, 600 саяжай учаскесін су басуы мүмкін.

Орынбордағы су тасқыны: барлық су Жайыққа 5-6 күнде жетеді

Қазіргі уақытта Орынбордағы су деңгейі 10,75 метр болып отыр.