Коронавирус: Әкімдер пиармен айналысып кетті

Malim Админ

  • 18.03.2020

Коммуникация – әкімнің ойыншығы емес

Осында А.Көлгіновтің Астанада карантин режимі енгізілуіне байланысты брифингі Б.Сағынтаевтың үндеуінен күштірек шықты, Алматы әкімі қысқа әрі тым ресми сөйлесе, Нұр-Сұлтанның әкімі ұзағырақ әрі қарапайым тілмен сөйледі деген мағынадағы постты көзім шалып қалды.

Екі әкімнің де сөзін тыңдап көрдім. Екі спичті салыстыру үшін Аристотельге жүгінгеніміз жөн деп санаймын. Аристотельдің айтуынша, адамның бойында сенім туғызатын кез келген спич үш элементтен тұрады. Олар: pathos, logos және ethos.

Pathos жағдайға қарай спич тыңдаушының бойында қорқыныш, үрей, қуаныш, үміт және т.б. сезімді оята алуы тиіс дегенді білдіреді. Бүгінгі екі әкімнің спичі паникаға берілген жұрттың үрейін күшейтпесе, қорқынышын азайтып, үміт сыйлады дей алмаймыз.

Logos дегеніміз – спичте манипуляцияланбаған фактілерге сүйенетін логика болуы тиіс. Екі әкім де фактілер келтіргенімен, ол фактілер жұрттың ойында қосымша сұрақтар туғызып, спичтің logos элементін әлсіретіп тастады.

Ethos дегеніміз – спикердің өзі сөйлеп тұрған мәселе бойынша сөз қозғауға моральды құқығы болуы қажет. Халық таңдамаған, бір адамның шешімімен тағайындалған және сол адамға карьерасы тәуелді әкімді халықтың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті толық сезінеді деп айта аламыз ба? Менің ойымша, жоқ.

Бұл үш элементті әкімдер түгілі, президент Тоқаев пен экс-президент Назарбаевтың сөзінен таппайсыз. Үш элементтің бәрі саясаткердің спичінде болуы үшін оның билігі легитимді болуы керек. Сондықтан екі әкімнің мәлімдемесін “күштірек, ұзағырақ, түсініктірек” деп салыстыру орынсыз деп ойлаймын.

Алматы мен Астанада карантин жарияланған күні Б.Сағынтаев пен А.Көлгіновпен қабаттасып Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев аптекада маска сатып алып тұрған суретін салып, ньюсмейкер болғысы келді. Экс-вице-премьер көпбалалы аналар митингілеткен кез бен Қордайдағы трагедия кезінде медианың бетінен түспеген күндерін сағынып салған сияқты. “Пандемия кезінде хит жазған Марат Омаровтан қай жерім кем?!” деген оймен өзімен фотографын ертіп, аптекаға бас сұққанға ұқсайды.

Коронавируспен күрес – камераның алдында қар тебу немесе қайғыру емес. “Кризис менеджер” Б.Сапарбаевтың пандемия кезінде инстаграмщик-депутат Қайрат Құдайбергеннің деңгейіне түсіп кеткені дұрыс болмады.

Коммуникация – билік пен халықтың, бизнес пен клиенттің арасында сенімді қарым-қатынас орнату. Саяси коммуникация – атқамінерлер мен шабармандардың түсінігіндегі жеңіл-желпі ПР емес. Кризис коммуникация – адам өміріне немесе бизнеске қауіп төнгенде рискті барынша азайтуға тырысу.

Әкімдерді азаматтар тікелей сайламайынша, біздің тағайындалатын әкімдеріміздің кризис кезінде кризис коммуникацияға мән берудің орнына а-ля Ғабидолла Абдрахимовтың деңгейіндегі ПР-мен айналысып жүргені жүрген.

Шалқар НҰРСЕЙІТ

Коллаж: Malim.kz

Материал автордың рұқсатымен жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Алматы тауларында бірнеше қар көшкіні болды

18.04.2024

Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды

16.04.2024

Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

16.04.2024

«Тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?»: Желіде әйелін аяусыз ұрған еркектің видеосы тарады

12.04.2024

Алматыда жер сілкінді

12.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Алматы тауларында бірнеше қар көшкіні болды

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды

Таулы қырат елді мекеніндегі 2768 учаскеде құрылыс салу кезінде экожүйе бұзылғандығы анықталды.

Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

Өңір басшысының хабарлауынша, облыстағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?»: Желіде әйелін аяусыз ұрған еркектің видеосы тарады

Бұл туралы «Балалар қорғауда» жеке қорының басшысы Жанна Ахметова facebook-парақшасында жазды.

Алматыда жер сілкінді

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.