«Ауыл» партиясы ауыл халқына тегін маскалар тігіп жатыр

Олжас Қасым

  • 25.03.2020

Кез-келген қиындық, дағдарыс елдің азаматтық қоғамына, саяси партияларына сын сағатын жүктейді. Тізе қосып, қол ұстасып, біріге алған қоғам кез-келген қиындықты жеңіп шығады. Әлбетте, дағдарыста азаматтық қоғамның, саяси партиялардың, жекелеген белсенділер ел үшін атқаратын жұмыстың үлкені не кішісі болмайды. Жүректен шыққан әр шара мұндайда аса маңызды. Осы қағиданы басты бағыт санағандар коронавирустан сақтандыру шараларынан ауылдың халқы  шет қалып қоймауы қажет деп білек сыбана іске кірісті.

Түркістан облысында «Ауыл» халықтық – демокартиялық патриоттық партиясы медициналық маскаларды тегін таратып жатыр. Өңірдегі партия өкілдері әлемді әбігерге салып жатқан коронавирустан сақтық шаралары қиыр аудандар мен ауылдарда да қолға алынуы керек деп есептейді.

«Бәрімізде ауылдан шыққанбыз. Ауыл халқы қала жұртындай бір жерде шоғырланбаған. Сондықтан да оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, керекті ақпараттарды да жеткізіп отыру керек. «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Руслан ЖҰМАБЕКОВ тегін медициналық маска тарату бастамасын көтерді. Біз бұны қуана-қуана қолдаймыз. Күніне жүздеген маскаларды партиямыздағы волонтерларымыз арқылы таратуды қолға алып жатырмыз. Бұл акциямыз Сайрам ауданында басталып басқа аудандарда жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз. Түркістан үлкен облыс. Екі миллионнан астам халқы бар. Осындай қысылтаяң кезде барлық азаматтар қолынан келгенше белсенді болу керек деп ойлаймын», - дейді Ауыл» халықтық – демокартиялық патриоттық партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Нұржан ӘЖІМЕТОВ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне берген сұхбатында.

Түркістан облысында он бір аудан, жеті қала, он үш кент, жүз жетпіс бір ауылдық округ пен тоғыз жүз отыз екі ауыл бар. Партия мүшелері қалалы жерде медициналық маскалар тапшы болып жатқанда ауылды жерде қайдан болсын дейді.

«Бүкіл әлем аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әсілі қазақ аурудың атын айтпайды ғой. Әр қазақ менің жалғызым деген сөз бар. Бір-бірімізге бауырмалдық танытатын кез келді. Өткенде мен Шымкент қаласындағы дәріханалардың бірінен отбасыма медициналық маска алмақшы болдым. Алтын данасын алып, артыма бұрылсам бір қария тұр екен. Сол кісіге амалсыз қолымдағы маскларды бердім. Сөйтіп өзім маскасыз қалдым. Сол сәтте неге медициналық маска шығармасқа деген ой келеді. Цехым бар. Әмбе денсаулық сақтау министрі Біртанов сәуір айының басында жұқпалы вирус өрши түседі деді. Осындай кезде шамамыз жеткенше үкіметтің бір жағына шығу керек», - дейді «Ауыл» халықтық – демокартиялық патриоттық партиясының мүшесі, кәсіпкер Руслан ЖҰМАБЕКОВ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Руслан ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ әзірге күніне 100-200 медициналық масканы тігіп, оны халыққа тегін таратпақшы. Бірінші кезекте маскаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарықтарындағы қызметкерлерге  таратады. Және Ордабасы индустриялды аймағындағы цехтардың жұмысшыларына да береді. Сайрам ауданының тумасы туған жеріне де дәл қазіргі кезде жұрт аса кажет маскаларды жөнелтпекші. Сондай-ақ, бұл маскалар бір-ақ рет қана пайдаланылмайды. Жуып алып, үтіктеп қайта пайдалана беруге болады.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша жетпіс тоғыз  адам коронавирусты жұқтырған. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда 2 адам, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкент және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да бір-бір адамнан пандемияға шалдыққан.

Фотоларды автор ұсынды.

Байланысты жаналықтар

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

21.01.2023

Әкесі азсынады, баласы жеп қояды... Бектаев қайтеді?

04.10.2022

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

11.01.2021

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға қатысады

21.10.2020

«Саяси жүйе біртіндеп көппартиялылыққа бет бұрып келеді»

22.05.2020

Індет Қазақстан халқы үшін де ауыр сын болды

12.05.2020
MalimBlocks
«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

Жақында ғана тіркелген «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртайға  президент Қ.Тоқаевтың мәжілісті таратып, кезектен тыс сайлау тағайындау шешімі қуат бергендей.

Әкесі азсынады, баласы жеп қояды... Бектаев қайтеді?

"Ауыл" партиясы мен Қазақстан фермерлер қауымдастығы әріптестік меморандумға қол қойған. Одан кейін "Ауыл" партиясы күтпеген жерден Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Енді ортаға киліккен мына дау бұл "достыққа" қалай әсер етеді?

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға қатысады

«Саяси жүйе біртіндеп көппартиялылыққа бет бұрып келеді»

Індет Қазақстан халқы үшін де ауыр сын болды