Кәсіпкерлер Тоқаевқа дағдарыстан шығар жолды көрсетті

Malim Админ

  • 28.03.2020

Елдегі шағын және орта кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып, қол жинап жатыр. Бұл хатта кәсіпкерлер теңге девальвациясы, коронавирус пен карантиннен шағын және орта бизнеске келетін залал үкімет болжағаннан әлдеқайда үлкен екенін түсіндіре келе, үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау үшін жасап жатқан шараларын тиімсіз деп бағалайды. Сондықтан орта және шағын бизнес өкілдері үкімет өздеріне қалай көмектесе алатынын тізіп, дағдарыстан шығаратын нақты шараларды ұсынады.

"Қазақстанда орта және шағын кәсіп саласында 1,3 миллион кәсіпорын бар, онда 3,5 миллион адам жұмыс істейді. 2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 178,2 миллиард доллар болса, мұндағы шағын және орта кәсіптің үлесі – 29,4 пайыз, яғни 52  миллиард доллар.  Шағын және орта кәсіптің 2018 жылы ел қазына төлеген корпоративті табыс салығы 840 миллиард теңгеге жеткен.

Міне, сондықтан шағын және орта бизнестің құлдырауы, банкротқа ұшырауы  ел экономикасын күйретуі мүмкін. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін түрлі шаралар қолға алынды, бірақ компания иелері мен басшылары ретінде бұл шаралар тиімсіз екенін түсінеміз. Өйткені ұлттық валютаның құнсыздануы, коронавирус және карантиннің енгізілуінен шағын және орта бизнеске келген залал шенеуніктер ойлағаннан әлдеқайда көп", - делінген кәсіпкерлердің хатында.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бүкіл экономикалық тізбек үзілген. Шикізат бағасының өсуі, өндірістің қысқаруы, қызмет көрсету мен сауда саласындағы барлық сауда нысандарының жабылуы, жарнама нарығының құлдырауы, жаппай жұмыстан айырылу, сатып алу қабілетінің төмендеуі шағын және орта кәсіпті титықтатып кетті. Енді бұл дағдарыстан аман шығып, ақтан тік тұрып, бизнесті қайта қалпына келтіру үшін жылдар кетпек.

Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекет экономиканы қолдау үшін 4,4 триллион теңге бөле алады деп есептейді.

Хатқа қол жинап жатқан кәсіпкерлер мемлекет орта және шағын бизнеске қалай көмектесе алатынын тізіп шыққан. Олардың ойынша, жұмыс берушілер бюджетке аударатын міндетті зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтан 6 айға босатылуы керек.

Бірақ жұмыс берушілер 3,5 пайыз көлеміндегі әлеуметтік аударым, 2 пайыздық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен 1 пайыз көлеміндегі жарнаны төлей беруге тиіс.

Кәсіпкерлер үкіметтен 2020 жылдың 1 және 2-тоқсандары үшін қосымша құн салығын төлеуден толық босатып, 3 және 4-тоқсандары үшін қосымша құн салығы төлемін 6 %-ға төмендетуді сұраған. Ал жыл соңына дейін 2019 жылға корпоративті табыс салығын төлеу мерзімін ұзартып, осы жылғы корпоративті табыс салығы бойынша мөлшерлемені 10% - ға дейін төмендету қолға алынуы керек.
Кәсіпкерлер сондай-ақ жеңілдікпен несие беру және импортталатын өндіріс жабдықтары мен жиынтықтаушы құралдар импортына кедендік баж салығын толығымен алып тастауды сұрайды.
Үкіметен қолдау көрсетуді сұраған кәсіпкерлер хат соңында жеке тқлғаларға да көмектесуді сұрапты.

"Ипотекалық несие, автокредит, тұтынушылық және тауарлық несиелерге келсек, банктерге, ипотекалық және лизингтік компанияларға, шағын қаржы ұйымдарына олардың тарапынан негізгі борыш пен сыйақы бойынша міндетті 90 күн мерзімін кейінге қалдыру, кейіннен төлем кестесін осындай мерзімге ұзарту жолымен қайта құрылымдау үшін құрал ұсыну; адамдарға зейнетақы қорындағы ақша есебінен несиені мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік берілуі керек", - делінген хатта.

Кәсіпкерлер үндеуде нақты шаралар қолға алынса, бизнес аяғынан тік тұрып, жаппай жұмыстан босату тоқтайды дейді. Хатта 300 мың адамның жұмыстан босатылғаны айтылады.

Фото; EPA/UPG

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Оқи отырыңыз: Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.