Біртановтың пропагандасы қанша тұрады?

Елнұр Бақытқызы

  • 01.04.2020

Елді коронавирус індеті жайлаған уақытта Елжан Біртанов басқаратын денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерге роликтер жариялауға 21 миллион теңге, салауатты өмір салтының пропагандасына 65 миллион теңгеден астам ақша жұмсамақ. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік сатып алулар порталында осындай хабарландырулар жариялаған.

Тоқаев төтенше жағдай кезінде бюджеттегі қажетсіз шығынды қысқартуға шақырған-ды. Мемлекеттік органдар осы кезеңде үгіт-насихат пен пропагандаға ақша жұмсаудан бас тартса, бюджет миллиардтаған теңгені үнемдеп қалар еді.  Бірақ бұған дейін пропаганда, отшашу алу, шетелдік блогерлерді шақыру сияқты мақсаттарға бюджеттен қыруар қаржы алған мемлекеттік органдар әзірге ақшаны желге шашудан бас тартқысы келмейтіндей. Әйтеуір мемлекеттік органдардың осы тақырыптардағы хабарламалары әлі де мемлекеттік сатып алулар порталында ілулі тұр. Басқасын былай қойғанда, коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген Біртановтың министрлігі салауатты өмір салтының пропагандасына 65 884 821 теңге жұмсамақ. Министрлік ашық конкурс түрінде өтіп жатқан тендерді 31 наурыз күні жариялаған. Тендерге қатысуға өтініштер 16 сәуірге дейін қабылданады.

Сонда бұл неғылған пропаганда?  Тендерді жеңіп алған орындаушы қазақ және орыс тілдерінде салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынып, іске асыруға тиіс. Мәселен, тендерді ұтып алған орындаушы мына тақырыптарда мәтін мен инфографикалар ұсынуы керек: Темекі шегу мен түтінсіз темекі пайдаланудың профилактикасы, қант диабеті, туберкулез, онкологиялық ауру, СПИД пен тұмау профилактикасы, темекіге қарсы күре орталықтарының қызметі, тұзды шамадан тыс тұтыну, маскүнемдік пен нашақорлық, ойынқұмарлық профилактикасы, т.б. Сондай-ақ орындаушы тоқсан сайын дұрыс тамақтанбау, темекі шегу т.б. қауіп факторларының алдын алу бойынша іс шаралардың іске қалай асқанын талдап беруі керек. Пропаганда бұдан басқа да он шақты қызметті қамтиды.

Ал 14 наурыз күні  "Әлеуметтік желілерде роликтер орналастыру"  тендері аяқталғанымен, ашық көнкурсқа келіп түскен 11 өтінішті министрлік әлі қарастырып жатқан көрінеді. Ашық конкурс түрінде өткен тендердің сомасы - 21 428 571 теңге.

Тендерді жеңіп алған орындаушы тегін медициналық қызмет және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтауды цифрландыру, ауру профилактикасы мен реформалар тақырыбында 45 секундтық бес бейнероликті Вконтакте, Facebook, Telegram, WhatsApp, Youtube желілерінде орналастырады. Тендер талабы бойынша, әлеуметтік желілердегі қаралым кемі 500 мыңға, ал Youtube-те кемінде 1 миллионға жетуі тиіс. Сонда қазіргі кезде бір ғана Біртанов басқаратын денсаулық сақтау министрлігі пропагандаға 87 313 392 теңге кетірмек.

 

МАҚАЛАНЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Фото: sputniknews.kz

Байланысты жаналықтар

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

Армения запретила показ передач Соловьева

29.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023
MalimBlocks
Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Армения запретила показ передач Соловьева

В Армении запретили трансляцию авторских передач «Вечер с Владимиром Соловьевым» и «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» в мультиплексе телеканала «РТР-Планета», сообщает РБК со ссылкой на заместителя министра высокотехнологической промышленности республики Авета Погосяна.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды