«7-20-25» бағдарламасымен үй алушылар 16 мыңға жетті

Malim Админ

  • 10.03.2020

Қазақстан азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі таңдағы ең үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдайды реттеп, әр қазақстандықтың өз үйінде тұруын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бірнеше бағдарлама жұмыс істеуде. Бұл тарапта әсіресе соңғы жылдары көптеген жеңілдіктер қарастырылып, мүмкіндіктер қатары артып келе жатқанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Мәселен, былтырдан бері қолға алынып, іске аса бастаған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, толық емес жанұяларға көрсетіліп жатқан қолдаулар, жас отбасыларға беріліп жатқан мүмкіндіктер аз уақыт ішінде біраз адамдардың қоныс тойына куә етті. Қазір атқарылып жатқан істердің, яғни, жеңілдетілген пайызбен, тиімді бағдарламалармен ұсынылатын пәтер сатып алу мүмкіндіктерін беретін бағдарламалардың -басында «7-20-25» бағдарламасы тұр деуге әбден болады. Өйткені, бұл бағдарлама көп жылдар бойы қатып келген сеңді бұзды деп есептесек көп қателесе қоймаймыз.

Бұлай дейтініміз, бұл мемлекеттік бағдарлама өзге бағдарламалардың пайда болуына ғана емес, банктердің жеке есеп шотынан берілетін ипотекалардың да шарттарын тиімді жағына өзгертуге түрткі болды. Мәселен, алғашқы жарна. Бұрын 50 пайыздан түспейтін банктер осы бағдарлама пайда болғалы 20-30 пайыздық алғашқы жарнамен де пәтер беруге мүмкіндіктер қарастыра бастады. Әрине, бұл жерде мемлекет пен жекеменшік иелерінің арасындағы әріптестіктің орнын да ерекше атап көрсеткен орынды. Ал, өзге бағдарламалар да 30-дан 20 пайызға дейін түсіріп, жылдық сыйақы мөлшерлемесін де әжептәуір түсірді. Тіпті, осы бағдарлама пайда болған соң бірден қолға алынған өңірлік әкімдіктердің жұмыстары нәтижесінде кейбір отбасыларға алғашқы 10 пайыздық жарнамен үй беру де қолға алынды. Демек, біз сөз қылып отырған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй – пәтер саласына үлкен бәсекелес болып келді де, бұл тарапқа көптеген өзгеріс енуіне түрткі болды.

Жалпы, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұған дейін 27 940 өтінім қабылданыпты. Бұл бағдарламаның негізгі шарттарының бірі үй сұраушы – өтініш берушінің атында үй болмауы маңызды. Демек, мемлекеттік жеңілдіктерді пайдаланып бір өзі бірнеше үй сатып алып, оны пәтерге беріп қоятын «кәсіпкерлерге» емес, үйге нағыз мұқтаж адамдардың пәтерге қол жеткізуіне мүмкіндік бергенін ескерсек, басталғанына көп бола қоймаған бағдарлама біраз отбасына жаңа мүмкіндік сыйлады деуге болады.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша 2020 жылдың 5 наурыздағы көрсеткіш бойынша жалпы құны 317,2 миллиард теңгені құрайтын бұл өтініштердің (27 940) 70 пайызға жуығы мақұлданған. Яғни, 16 506 өтінім.

Жалпы,бұл бағдарлама бойынша өтінімдер қабылданып, екпінді жұмыс істей бастағанын айта кету керек. Бұл соңғы көрсеткіш емес екені де аян. Қазір бұл бағдарлама арқылы пәтерге қол жеткізгісі келетін тұрғындар саны күн санап артып келеді. Оның көрінісін осы соңғы екі айдағы көрсеткішке қарап көруге болады.

Мысалы, 2020 жылы 23 қаңтарында берілген мәліметке сәйкес несие алуға 287,1 млрд теңге сомасына 25 354 өтінім қабылданып алынып, оның ішінде 169,9 млрд теңге сомаға несие беруге 14 836 өтінім мақұлданған.  Бұдан бөлек, 144 млрд теңге сомасында 12 523 несие берілген.

Ал, осыдан соң бір ай өтпей, яғни, 13 ақпандағы Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде несие алуға 301,6 млрд теңге сомасына 26 618 өтінім қабылданып, нәтижесінде қарыз беруге 15 724 өтінім (180,2 млрд теңге) мақұлданыпты.

Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе түседі деп үміттенуге болады деген сөз. Жалпы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы өтініш бере алады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 пайыз болса, ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна 20 пайызды құрайды. Несиені төлеу мерзімі 25 жылды бөлінеді.

Байланысты жаналықтар

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері қандай

05.04.2024

Жетісу облысында пәтерден өрт шығып, 2 бала құтқарылды

07.03.2024

Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі шықты

05.03.2024

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Үйін қымбатқа алып, сата алмай отырғандар көбейді  

22.06.2023

Пузырь не лопнет. Правительство продлило ипотечную программу «7-20-25»

23.12.2022
MalimBlocks
Жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері қандай

Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс.

Жетісу облысында пәтерден өрт шығып, 2 бала құтқарылды

Оқиға Үшарал қаласында болған.

Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі шықты

Үш санат бойынша әрқайсысының тізімі екіге бөлінеді.

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Үйін қымбатқа алып, сата алмай отырғандар көбейді  

Баспанаға сұраныстың азайғаны, әсіресе, Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау облыстарында байқалады

Пузырь не лопнет. Правительство продлило ипотечную программу «7-20-25»

Правительство готово выделить до 100 млрд тенге на продление льготной программы «7-20-25». Но условия ипотеки немного изменились. Об этом в пятницу, 23 декабря, сообщили в Нацбанке.