Мұғалім мәртебесі: Педагогтар қайта даярлаудан өте алады

Malim Админ

  • 18.03.2020

"Педагог мәртебесі туралы" заң ұстаздардың құқығын қорғап қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында педагогтарды қайта даярлау жөнінде бұйрық шығарды. "Педагог мәртебесі туралы" заңының аясында 17 наурыз күні министр Аймағамбетов қол қойған бұйрықта педагогтарды қайта даярлаудың ережелері түсіндіріледі.

Сол бұйрыққа қарағанда, кәсіби білімі бар, бірақ педагогикалық білім алмаған, педагог қызметіне енді кірісіп жатқан тұлғалар педагогикалық қайта даярлаудан тегін өте алады. Қайта даярлау педагогика ғылымы бойынша маман дайындауға арнайы лицензиясы бар жоғары оқу орындарында жүргізіледі.

Педагогикалық кадрларды қайта даярлау күндізгі  бөлімде жүреді. Қайта даярлауды іске асыратын жоғары оқу орындарында ол үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына жоғарғы оқу орнының ректоры, проректоры, құрылымдық бөлімше жетекшлері мен профессорлық оқытушылық құрам өкілдері кірмек. Қайта даярлаудан өткісі келетін тұлғалар қабылдау комиссиясына тізімде көрсетілген құжаттарды тапсыруға тиіс. Барлық құжаттар уақытында тапсырылған соң, қабылдау комиссиясы педагогтарды қайта даярлау курсына кімдердің өткенін шешеді. Яғни тура оқуға түсетін талапкерлер тәрізді педагогтар да қабылдау комиссиясының сүзгісінен өтеді. Қайта даярлау курсына қабылданатын педагог пен ол курсты жүргізетін жоғары оқу орнының арасында келісімшарт жасалады.

Білім және ғылым министрлігінің бұйрыққа жазған түсіндірмесіне қарағанда, қайта жаярлау курсының бағдарламасы жұмыс беруші мен нарықтағы сұранысты ескере отырып жасалады. Сондай-ақ курсқа түскен адамның да мүддесін ескереді.

Қайта даярлау курсы аяқталғанда оған қатысқандардың бағдарламаны қаншалықты меңгергені тексеріледі. Курс қатысушыларын қалай аттестациялауды оған жауапты жоғарғы оқу орнының өзі шешеді. Аттестация нәтижесінде одан сәтті өте алған педагогтарға курсты бітіргенін растайтын сертификаттар беріледі. Осылайша кәсіби білімі бар болғанымен, педагогикалық білімі жоқ, бірақ балаларға білім бергісі келетін азаматтарға осындай мүмкіндік беріліп отыр. "Педагог мәртебесі туралы" заңы мұғалімдердің жалақысын өсіріп, оны қоғамдағы елеулі орны бар мамандыққа айналдыруды көздегендіктен, мұғалімдікке барғысы келетіндердің қатары өсетіні сөзсіз.

Былтырғы жылдың аяғында қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" 19 баптан тұратын заңда мұғалімдердің оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету, мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға мжбүрлеу үшін айыппұл салу,  мұғалімнің демалысын ұзартып, еңбекақысын көбейту, ауылдағы мұғалімдерге жер телімін алуға басымдық беру сияқты мүмкіндіктер айқындалған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.