Кәсіпкерлер: Карантинде "демалған" жоқпыз, нокаут алдық

Malim Админ

  • 09.04.2020

Жақында Президент пен Үкімет елде коронавирустың таралуына байланысты дағдарысқа қарсы жаңа шараларды жария етті. Олар шағын және орта бизнесті қолдау, атап айтқанда салықтар бойынша жеңілдіктерді, мұқтаж қазақстандықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жеткізуге жергілікті шағын бизнесті тарту, ауылшаруашылығы өндірушілері үшін дизель отынын арзандату және басқа да іс-шараларды қамтиды. Дегенмен, іс жүзінде барлық ШОБ қызметін тоқтатып, халықтың сатып алу қабілеті күрт төмендеген жағдайда бизнесті жүргізу және қызметкерлерді жұмыстан шығармау өте қиын. Біздің ШОБ коронавирустың салдарынан туындаған мұндай комадан шыға ала ма?

Мысалы, Серік Қабыржанов – фитнес-жаттықтырушы, оқшаулықта жұмыс істейтін баласы мен әйелі бар, ал өзі жұмысынан айырылды, себебі жаттығу залдары мен фитнес-орталықтар алғашқылардың бірі болып жабылған-ды.

- Жаттықтырушының табысы жеке немесе топтық жаттығулардың болуы мен санына тікелей байланысты, оларды өткізу мүмкін емес болғандықтан, менің табысым толығымен қысқарды. Онлайн қосымшалар арқылы күш жаттығуларын өткізу оңай емес. Шынымды айтсам, жарияланған карантиннің аяғына дейін қалай шыдай аламын білмеймін. Менің жалақымсыз бір айдың өзі біздің отбасы үшін қиындық тудырады. Созылмалы аурулары бар қарт ата-аналарымыздың жағдайы одан сайын күрделене түседі, оларға үнемі дәрі-дәрмек қажет, ал медициналық препараттар бірден қымбаттап кетті. Азаматтарды оқшаулау бойынша істеліп жатқан шаралардың дұрыстығын түсінемін және қолдаймын, бірақ жұмыссыздық уақытын ұзарту және жалақының болмауы үрейлендіреді, - дейді Серік.

Ерлан Манатаевтың да жағдайы осыған ұқсас. Оның бизнесі – кроссфит залы. Кәсіпкердің сөзінше, ШОБ-тің меншік иелері мен басқарушылары қазір күйзелісте. Өйткені жауабы жоқ сұрақтар пайда болды: кімді жұмыстан босатамын, кімді ақысыз демалысқа жіберемін, жалақыны қалай төлеу қажет немесе бизнесті мүлдем тоқтату керек пе?

- Біз тек «демалысқа» ғана шыққан жоқпыз, девальвация мен карантиннен нокаут алдық. Біздің мемлекеттің, халықтың, бизнестің басқа елдерге қарағанда карантинге тыңғылықты дайын болмағаны рас. ШОБ – бұл ішкі нарыққа жұмыс істейтін шикізаттық емес бизнестің аз үлесі. Шағын кәсіпкерлердің табысы бір сәтте 100%-ға құлдырады. Міндеттемелер/шығыстар әлі де жалғасуда – жалға алу, коммуналдық қызметтер, еңбекақы төлеу, ал кейбіреуінде несие де бар. Жалға алу бойынша барлығы  келісімге келуге тырысып жатыр, көптеген жалға берушілер өздерінде несие болмаса, жеңілдікті ұсынуға әзір. Коммуналдық төлемдерді болашақта тұрақтанады деген үмітпен жабуға болады. Ал, еңбекақы төлеу қоры мәселесімен жағдай өте қиын. ШОБ-те қаражат жоқ. Шағын кәсіпкер де шығындарды әрең азайта отырып, жалақыдан жалақыға дейін жалдамалы қызметкер ретінде өмір сүреді. Біз наурыз айының жалақысын бердік. Бізде 9 қызметкер бар. Сәуір айындағы жалақы – үлкен мәселе, егер карантин аяқталмаса және біз онлайн-жаттығулар бойынша жеткілікті абонементтерді сата алмасақ, онда жалақыны ешқайдан ала алмаймыз. Мейрамханалардың, фитнес-клубтардың және басқа да шағын бизнестің иелері ел Президентіне үндеу жазды. Мен оларды қолдаймын, дегенмен мемлекет ШОБ-ке нақты қалай көмектесе алады?–деп жазды Ерлан әлеуметтік желідегі парақшасына.

Өзінің Фейсбук парақшасында белгілі қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов те өзіндік сауалнама жүргізді. Ол ШОБ өкілдерінен бірнеше сұраққа жауап беруін сұрады: Иелігіңізде қандай бизнес бар, әдеттегі деңгеймен салыстырғанда сату қанша пайызға төмендеді, қанша қызметкерді жұмыстан босатуға тура келді және т.б. Сауалнамаға 640-тан астам адам қатысты және барлығының ахуалы мәз емес.

Міне, бір мысал:

  1. Сіздеқандай бизнес бар? – Наубайхана, дүкен.
  2. Сату әдеттегі деңгеймен салыстырғанда қанша пайыз төмендеді? – 85%-ға.
  3. Сізде қанша қызметкер болды? – Төрт адам.
  4. Қанша адамды жұмыстан босаттыңыз? –
  5. Әрі қарай жұмыстан шығарылу мүмкіндігімен демалысқа қанша адам жіберілді? – Үш.
  6. Егер осы жағдай өзгермесе, қалған құрамды қанша ай бойы сақтай аласыз? – Бір ай.
  7. Банк несиелерін алуға мүмкіндік бар ма? – Мүмкін емес.
  8. Сіз бүкіл бизнесті тоқтатуға дайынсыз ба? – Иә, соның аз-ақ алдында тұрмын .

Таңқаларлығы, осындай форс-мажор мен ШОБ-тің ауыр жағдайына қарамастан, бізде сауда кәсіпорындары үшін шағын кәсіпкерліктің жағдайын одан әрі нашарлататын жаңа шектеу шараларын енгізуді қарастырып жатыр. Мұндай жағдайда коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар, одақтар мен қауымдастықтар ел басшылығына шағын және орта бизнесті қолдауды сұрап хат жөнелтетіні айтпаса да түсінікті. Осы ретте Қазақстанның сауда кәсіпорындарының қауымдастығы ҚР Парламенті Мәжілісіне темекі өнімдерін жабық орналастыру туралы норманы алып тастау туралы хат жолдады, ол денсаулық туралы Кодекс жобасында ұсынылды. Норманы енгізу тағы да талқыланып жатыр, алайда өткен жылы мәселе шешіліп, депутаттар бұл жаңашылдықты жоққа шығарған еді. Қазір жаңа ережелерді енгізу үшін сауда нүктелеріне қосымша қымбат, қажеті шамалы жабдықты сатып алуға міндеттейді. Сонымен қатар, онлайн режимде деректерді жіберетін бақылау-кассалық машиналарын сатып алу керек, оның үстіне оларды жүргізу үшін электронды ілеспе жүкқұжаттарын енгізу сөз болып жатыр. Бұған еш мүмкіндік пен қаражаттың жоқтығын айтудың өзі артық. Қазір жаңа шығындарға емес, бүгінгі қиын жағдайға шыдау басты мәселе. Яғни, оң шешімге тоқталу маңыздырақ. Бізде карантин мен дағдарысты аз шығынмен өткеру үшін әлі де жасалатын дүние көп. Кәсіпкерлердің арзан несиелер алу мүмкіндігі, сондай-ақ ШОБ үшін салықтар бойынша жеңілдіктер де маңызды. ШОБ үшін нақты материалдық көмек те қажет, себебі олар жақын уақытта өз отбасы мен жұмысшыларын асырай алмай қалуы мүмкін. Соның аз-ақ алдында тұр.

Байланысты жаналықтар

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

18.04.2024

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

18.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы +30 градусқа дейін ысиды

17.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

17.04.2024
MalimBlocks
«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелгенін растады.

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды.

Алдағы үш күнде ауа райы +30 градусқа дейін ысиды

Термометр бағаны түнде температураның ауытқуын көрсетеді.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Бүгінгі күні 16 мың адам өз үйлеріне оралды. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде.