Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

Malim Админ

  • 10.04.2020

Бүгін Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің 50-ге жуық дәрігері наразылық білдірді. Олар карантин кезінде президент тапсырмасымен беріліп жатқан үстемеақыдан құр қалғандарын айтады. Жалпы, Ақтөбеде бүгінге дейін бірде-бір дәрігер президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ уәде еткен  425 мың теңгені алмаған.

Күні кеше жалақыларын алған ақтөбелік жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері бүгін жұмыстарында шу шығарды. Сөздерінше, жалақыға қосылады деген үстемақы  тұрмақ, айлықтары түгел түспепті. Қауіпті індет таралғалы жұмыстары екі есе артқан дәрігерлер еңбегіміз бағаланып жатқан жоқ деп ашынады.

«Кеше карточкамызға 50 мың теңге түсті. Алғашынында ол ақшаны сыйақы деген. Енді бұл аванс деп отыр. Жалпы, аванс алу үшін арыз жазу керек. Біз ешқандай арыз жазған жоқпыз», - дейді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Мөлдір АТАИПОВА.

Жедел жәрдем бекетендегі отыз бригаданың онын коронавирус жұқтырғандарға арнап бөлген. Бірақ қалғандары да карантин кезінде екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатқандарын айтады.  Қаупті індет жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылау солардың мойнында екен.

«Бізге де қауіп бар. Кез келген шақыртуға ең алдымен біздің мамандар жетеді. Бірақ 425 мың сыйақыны тек коронавирус инфекциясымен байланыс жасағандар алады деп отыр. Ал сол байланыста болғандарды біз тексеріп, жағдайын біліп отырмыз. Неге бұл қызметіміз бағаланбайды», - дейді фельдшер Қуаныш ЖҰМАШЕВ.

Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жедел жәрдем қызметіндегі дәрігерлерге берілетін үстемақы жұмыстағы жүктемеге байланысты есептелетінін айтады.  Айтуынша, Ақтөбеде 425 мың теңге үстемақы алған әзірге дәрігер  жоқ екен.

«Біздің осы жедел жәрдем бригадасының барлығы өзінің атқарған еңбектеріне сәйкес, біреуі жүз мың, біреуі екі жүз мың, біреуі үш жүз мыңға жақын қосымша ақшаны алды. Біз дәрігерлердің еңбегін жоққа шығармаймыз. Қазір бюджеттен қосымша қаражат бөлініп жатыр. Коронавирус инфекциясына жұмылдырылған дәрігерлерге қосымша қаражат төлеу және осы инфекцияға жұмылдырылмаған. Бірақ жүктемемен жұмыс істеп жатқан бригадалар бар. Соларға да қосымша қаражат төлеу мәселесі бойынша барлығы шешімін табатын болады», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы  Әсет ҚАЛИЕВ.

Фотолар автордікі.

Жанар Қожанова

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.