Тайжан: Ұлттық сенім кеңесінен өткір мәлімдеме күтпеңіздер

Malim Админ

  • 20.04.2020

Екі күн бұрын қамалған қоғам қайраткері, Qazaq kuresi бұрынғы жетекшісі Арман Шораевты тергеу соты бүгін ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатты. Арман Шораевтың қарындасы Жанар Шораева ағасы атынан әлеуметтік желіде жазба жариялапты. Онда Арман Шораев "төтенше жағдай кезінде текерілмеген ақпаратты таратқанына кешірім сұраған". "Төтенше жағдай режимін бұзбауды және тексерілмеген мәлімет жарияламаймын", - делінген мәлімдемеде.

 Ал белсенді Әлнұр Ілияшевті сенбі күні түнде онлайн өткен тергеу соты екі айға қамау жөнінде шешім шығарды. Әлеуметтік желілерде Тоқаев жанынан "қоғам мен билік арасында диалог орнату үшін құрылған" ұлттық қоғамдық сенім кеңесі белсенділерге араша түсе ме, кеңес мүшелері қайда қарап отыр, неге мәлімдеме жасамайды?" дегендей пікірлер айтылып жатыр. Расында да,  кеңес мүшелері белсенділерді қудалауды тоқтату жөнінде президент пен айналасына кеңес бере ме? Қандай да бір мәлімдеме жасай ма? Мұны ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерінің өздерінен сұрап көрген едік.

Әзірге ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жекелеген мүшелері ғана әлеуметтік желідегі парақшаларында Арман Шораевты қолдап, пікір жазып жатыр.  Біз сөйлескен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өкілдері кеңес атынан өткір мәлімдеме күтпеу керек дейді. Арман Шораевты азамат ретінде сыйлап, қолдау білдіретінін айтқан олар ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің атынан сөйлеуге өкілеті жоқ екенін айтты. Бірақ арасында пікір айтудан бас тартқандар да болды.

Қоғам қайраткері, экономист, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан ұлттық кеңес саяси партия, қозғалыс немесе саяси ұйым емес, сондықтан кеңестен өткір мәлімдеме күтпеу керек дейді. "Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында коммунистер де, нұротандық депутаттар, мемлекеттік қызметке жақын жүрген адамдар да бар. Сондықтан ұлттық кеңестен өткір мәлімдеме немесе бірыңғай пікір күту – бекер үміт. Бұл – бір. Екіншіден, былтыр ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып жатқанда Арон Атабек, Мұхтар Жәкішев, Макс Боқаев түрмеде отырды. Мұхтар Жәкішев бір ай бұрын ғана бостандыққа шықты. Яғни сол саяси тұтқындар әлі отыр дегенге салсақ, онда ұлттық кеңес құрудың қажеті жоқ болар еді. Яғни ахуал өзгерген жоқ. Бәлкім, ертең тағы бір адам қамалуы мүмкін. Ұлттық кеңес атынан сөйлеуге құқығым жоқ, бірақ менің жұмысым - ондайға жол бермеу. Саяси қудалауды болдырмас үшін не істеу керек? Заңды өзгерту керек. Қылмыстық кодекстегі 174-ші, 130-бапты өзгертуге күш салдық. Енді оны парламент қабылдауы қажет", - дейді Мұхтар Тайжан.

"Мәселеге жүйелі түрде қарау керек" деген М.Тайжан халық өзіне "ұлттық кеңестен шық десе, шығатынын, бірақ ондай жағдайда заңдарды өзгерту жөніндегі жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді.

"Ұлттық кеңес атынан жауап бере алмаймын" деген М.Тайжан өз атынан қамауға алынған Арман Шораевты тергеу уақытында ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату жөнінде кепілхат жазып бергенін жеткізді.

Саясаттанушы Ерлан Саиров та Шораевқа кепілхат бергенін айтты. "Өз басым Шораев жөнінде бірден Facebook-ке пікір жаздым. Осындай қиын қыстау кезеңде, пандемия болып жатқан кезде заңдылықты сақтауға белсенділер атсалысты. Біз халықты тәртіпке шақырдық. Арман Шораев өзінің санаторийін ауырып жатқан адамдарға өз еркін берді. Осындай қиын қыстау кезеңде мұндай әрекеттерге (қамауға алуға - ред.) баруға болмайды. Азаматтарға еркіндік беру керек. Оларды ұстауға негіз жоқ", - деді Е.Саиров.

Ұлттық қоғамдық кеңесі ұжымдық ұйым екенін айтқан Е.Саиров егер кеңестегілер жиылып, пікір білдірсе, оған қосылатынын айтты.

Ал белгілі адвокат Айман Омарова ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің атынан сөйлеуге өкілеті жоқ екенін, бірақ Арман Шораевты сыйлайтынын жеткізді. "Мен адвокатпын,  бізде адвокат этикасы бар. Адвокат этикасы бойынша, басқа адвокат кіріскен іске қатысты пікір білдіре алмаймын. Егер адвокат болмасам, кеңес мүшесі ретінде пікір айтар едім. Екіншіден, істің анық-қанығын білмеймін. Іс туралы тек ресми дерек көздерден оқып білдім. Іс материалдарымен таныс болмаған соң, пікір білдіре алмайсың. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзге мүшелері Арман Шораевқа кепілхат берді. Сол тәрізді ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Арманды қолдауға дайынмын. Бірақ ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің атынан сөйлеуге құзыретім жоқ. Кеңеске 44 адам мүше, әркімнің өз пікірі бар", - деді А.Омарова.

Ал журналист Дәурен Қуат бұл істен хабарсыз болғандықтан, пікір білдіре алмайтынын айтты. "Шынымды айтсам, хабарсыз отырмын. Сондықтан жауап бермей-ақ қояйыншы. Қарағандыда жалған ақпарат дейді, статьясы түсініксіз. Не екен белгісіз, қауіп төндірді дей ме, сондықтан жауап бермей-ақ қояйын", - деді Д.Қуат.

Саясаттанушы Айдос Сарым да ұлттық қоғамдық сенім кеңесі президент жанынан құрылған консультативті кеңес екенін еске салды. "Ол ұйым емес. Кеңес бергеннен басқа не істей алады? Ал белгілі бір мәлімдеме жасау үшін ортақ бір пікірге келу керек. Кеңестегілердің бәрі бір пікірге келеді деп айта алмаймын. Арамызда әртүрлі адамдар бар. Сондықтан әркім өзінше тірлік жасайды, әркім өзінше қозғалады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – әртүрлі пікір ұстанатын адамдар жиналған кеңес. Кей мүшелер Шораевты қолдап, қолхат берді, мен де кепіл болуға әзір екенімді айттым", - деді А.Сарым,

Былтыр президент сайлауынан кейін елде наразылық күшейіп, митингілер өтіп жатқан тұста қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев "халық пен билік арасында диалог орнату үшін" ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген. Кеңеске 44 адам мүше. Ақпан айының аяғында баспагер Бақытжан Бұқарбай "халық 30 жыл күткен реформалар іске асып қалады" деген үмітпен ұлттық кеңеске мүше болғанын, бірақ биліктің кеңес мүшелеріне құлақ аспайтынына көзі жеткенін" мәлімдеді.

Материалды көшіріп басуға болмайды. 

Байланысты жаналықтар

Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

23.11.2024

Фельдшерлер мәселесін айтып, президентке видеоүндеу жасады

23.11.2024

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

15.11.2024

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

15.11.2024

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

08.11.2024
MalimBlocks
Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

Концертте белгілі әншілер өнер көрсетті

Фельдшерлер мәселесін айтып, президентке видеоүндеу жасады

Олар №225 бұйрықтағы өзгерістерді алып тастауды сұрайды

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

Тоқаев Қостанай жылқысы жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын айтты

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

Словакия, Мексика, Родос және Мальта елдеріндегі жауапты тұлғалар арасында ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Банк 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 млрд долларға жуық жобаларды қаржыландырды