Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

Алмас НҮСІП

  • 21.04.2020

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ тағы бір мәлімдеме жасады. Бұл жолғысы да бұрынғысымен үндес: «Маған қауіп төніп тұр» деген сарында.

Ылғи да қауіптің алдын алып жүретін сақ Сейсембаев карантин кезіндегі «белсенділерді жаппай ұстау» науқанында да өзіне қауіп төніп тұр деп есептейді. Оның сөзіне қарағанда бірнеше күннен бері оның үйін 30-40 адам («комитетчиктер») торуылдап жүр. Осы және осыған жанама жағдайларға қатысты, ол Facebook арқылы бірнеше мәлімдеме жасап, өзінің ақ екенін, қолының таза екенін (еш жерге қол қоймаған) айтып, өзі көп үміт артатын әлеуметтік желідегі достарына жолдады.

Белсенділер Әлнұр ІЛИЯШЕВ пен Арман ШОРАЕВ қатар-қатар ұсталған соң, «жоғарыда бiрдеңе болып жатқан сияқты» деген күмәнмен басталған бұл тараптағы сөзі «бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр» деген мәлімдемеге ұласты.

«Менің ізіме түскенге ұқсайды. Кеше түнде «Алель Агро» басшылығын тұтқынға алды. Енді оларды маған қарсы айғақ беру үшін қысып жатқан болуы мүмкін. Мүмкіндігімді пайдаланып, мен ешқандай да қылмыс жасамағанымды айтқым келеді. Бір де бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім», - деді ол.

Screenshot: М.Сейсембайдың Facebook-тағы жазбасы

Бұдан кейінгі жазбаларында үйінде екенін, жуынып-шайынып, қырынып, аккаунтарын өшіріп, бәріне дайын отырғанын, есік алдындағы «күзеттің» ауысқанын айтты. Қайда жүрсе де «қия бассам мені ұстайды» дегенді айта жүретін, бұған дейін Қазақстаннан екі рет кетіп (эмиграция), екі рет қайта оралған Сейсембай соңғы кездері саяси тақырыптарда белсеніп жүр. Банк ісінен бас тартқаны секілді (харам!) «саясатпен айналыспайтынын» да жиі айтқанмен, әлеуметтік желі мен YouTube арқылы оның саяси амбициясын (?) жиі көріп қалатын болып жүрміз.

2018 жылғы «оралудан» кейін негізінен бизнесті қалай бастау керек, серіктестермен қалай сөйлесу керек, кітапты қалай оқу керек сияқты бейкүнә тақырыптарда сөз сөйлеп, жастарға ақыл айтып жүрген Сейсембай өткен жылдың соңынан бері өзінің 130 мың тіркелушісі бар YouTube арнасы арқылы «Марғұлан не дейді?» бағдарламасын жүргізе бастады. Мәнісі – әр аптадағы қоғамдық-саяси оқиғаларға баға береді. Сөйтіп, келе-келе жастарға ғана емес, жаңа президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА ақыл айта бастады.

Сөз реті келгенде «Марғұлан не дейді?» апталық бағдарламасының соңғы шығарылымы 9 күн бұрын шыққанын айта кетейік. Соған қарағанда, бір тықыр таянса таянған-ақ шығар. «Саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген рас-ау сірә, әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде мәлімдеме жасап жүрген бизнесмен енді карантин кезінде «әне ұстап әкетеді, міне ұстап әкетеді» деп, күтіп отыруға мәжбүр.

Бірақ, ылғи да елдің назарын өзіне аударып жүретін, басы даудан арылмай келе жатқан Сайсембаевтың бұл жолғы жағдайы бұрынғыдан сәл басқашалау. Өйткені, 2009 жылы «Альянс банкіне» қатысты қудалау басталғанда шетелде демалып жатқан, ақыры, іс шешілгендей болғасын ғана, «президентке адал екенін» айтып, қайта оралған (содан кейін банк ісінен бас тартты). Бұдан соң БТА банкке қатысты тергеу басталғанда шет елге кетіп қалып, 2018 жылдың ақпанында биліктің «өзі мен отбасының қауіпсіздігіне кепілдік бергенін» айтып, қайтып келді. Екі жағдайда да тергеудің негізгі қауіпті уақытын шекараның сыртынан бақылаған миллиардер (өзінің айтуынша бұрынғы) бұл жолы карантин тәртібін сақтап, үйінде жатқанда қапы қалды деуге болатын сияқты...

Сейсембаевтың өз айтуы бойынша, соңғы оралғандағы «жоғарыдағы кісілермен келісім» бойынша артық сөз айтса бәрін жоғалтады. Әрине, билік тарапы оған қатысты ешқандай әділетсіздік болмайтынын айтқан. Өздерінің қателігін де түсініпті. Өйткені, 2018 жылдың қаңтарында шет елге кетуге мәжбүр болғанын мәлімдегенде әлеуметтік желі шулап кетіпті. Содан кейін, БТА-ға байланысты жауап алуға шақырған билік қателігін түсініп, байланысқа шығады да, өзі және отбасының қауіпсіздігіне кепілдік беріп, елге оралуын сұрайды. Содан бері «жоғарыдағы кісілерден» қашып, «жоғарыдағы кісілерге» қайтып келетін Сейсембаев осы жолы әлеуметтік желінің өзін қорғап қалатынына шынымен сенетін сияқты. Бір қарағанда басқа амалы да жоқ. Карантин! Бір жағы бұрын «билікке сөз қайтара алмайтын кезінде» шетелге қашуға мәжбүр болса, енді әлеуметтік желі бар, ештеңені жасыру мүмкін емес: «Мені қудаласа әлеуметтік желі арқылы халық көріп отыр». Сол себепті әділетсіздіктен қорықпайды.

[caption id="attachment_2836" align="aligncenter" width="512"] Screenchot: М.Сейсенбайдың 20.04.20 күнгі видеомәлімдемесі.[/caption]

Бұған дейінгі сұхбаттарында «мен ақша тығатын шенеунік емеспін» дейтін, «шет елде (5 мемлекет) және Қазақстанда 7 рет соттасып», өзінің ақтығын дәлелдегенмен, ұзақ жылғы қудалаудан кейін «ештеңем қалған жоқ, бәрін тартып алды», дейтін Марғұлан Сейсембай былтырғы бір сөзінде өзінің 20 компаниясы бар екенін айтыпты. Forbes-тің «Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмені-2019» тізімінде инвестор ретінде 33-ші тұрған белсенді-бизнесмен қанша қаржысы бар екенін, жылдық табысы мен күндік шығынана қатысты қойылған сұрақтардың бір де біріне жауап бермепті.

Оқи отырыңыз:

Тайжан: Ұлттық сенім кеңесінен өткір мәлімдеме күтпеңіздер

 

 

90 жылдары университетте оқып жүргенде-ақ кездесуге келген Назарбаевтың қолына «менің шетелде оқығым келеді» деп жазылған хат қыстырып жіберетін гипер-активті студентті содан бергі кезеңде қандай бизнеспен айналысса да саясаттың айналасынан көріп келеміз. «Өмірі ереже бұзбағанын» айта беретін және өзінің ерекше қабілетіне сенетін, сол себепті, ешқашан ақшасыз қалудан қорықпайтын Сейсембаев бұл жолы қайтер екен? Бұған дейін шет елге қашып кеткенін «олардың соты әділ болғандықтан, алдымен, сол жақта жеңіп шығайын» дедім деп түсіндіретін, Қазақстанның сотына онша сенбейтін бизнесменнің, - енді, өзі айтқандай ұсталып кетсе, - Қазақстанның сотына сенім артуына тура келетін сияқты.

Бір қарағанда, Сейсембайдың қоғамдағы белсенділігін – өз қорғанысын бекемдей түсудің бір жолы ретінде қарастыратынын байқауға болады. Жоғарыда біз мысалға келтірген «халық бәрін көріп отыр», «ел шулап кеткен соң» сияқты сөздер соның бір дәлелі. Сосын, билікке ақыл айтып жүрген бизнесмен: «Қоғамның қордаланып қалған мәселелерін бейбіт және эволюциялық тұрғыда шешудің тағы да бір мүмкіндігінен айырылсақ, өте өкінішті болмақ. Билік өз таңдауын жасап жатыр», депті соңғы жазбаларының бірінде. Бұл да билікпен келісе алмаған жағдайда әлеуметті қорған көретін адамның сөзі сияқты...

Байланысты жаналықтар

Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

28.03.2024

Государство взрастило зомби-компании – Ашимбаев

22.02.2024

Чему учить «массы» в Казахстане: советы Саирова

14.02.2024

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022
MalimBlocks
Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта зауыттар мемлекеттік мүлік комитеті құзырында, деп хабарлайды Malim.kz.

Государство взрастило зомби-компании – Ашимбаев

Негибкая государственная поддержка бизнеса привела к распространению компаний, которые не развиваются и находятся в зависимости от субсидий и других госвливаний. Проблему признал спикер сената Маулен Ашимбаев на пленарном заседании в четверг, 22 февраля.

Чему учить «массы» в Казахстане: советы Саирова

Депутат парламента Ерлан Саиров неожиданно заговорил на языке революционеров. От нового премьер-министра Олжаса Бектенова он захотел социальной справедливости. Депутат верит, что бывший силовик спасет Жана Казахстан от олигархов, и тогда бизнес в стране больше не будет принадлежать исключительно элитам.

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр